27.01.2023, 14:25 36926

Шахмат әлеміндегі сенсация: қазақстандық Бибісара Асаубаева танымал гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді

Шахмат әлеміндегі сенсация: қазақстандық Бибісара Асаубаева танымал гроссмейстер Сергей Карякинді жеңді
Сурет: kazsports.kz
Ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді

Мәскеу. 27 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Белгілі қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева танымал ресейлік гроссмейстер Сергей Карякинді сенсациялық түрде жеңді, деп хабарлайды Cпортты дамыту дирекциясы РМҚК баспасөз қызметі.

Бүгін Мәскеуде өтіп жатқан "Шахмат жұлдыздары" атты халықаралық турнирде айтулы сенсация болды. Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева рапидте бәсекенің басты фавориті Сергей Карякинді жеңді. Ресейлік әлемдегі ең мықты гроссмейстердің бірі. Қазіргі уақытта оның 2 739 ұпайы бар", - деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясы.


Турнир комментаторларының айтуынша, Бибісараның блицте әлем чемпионы болғаны бекер емес. Оның салқынқанды ойынымен Сергейдің керемет қорғанысына қарамастан, жеңіске жетті. Екі мықтының ойыны мазмұны жағынан да, тиімділігі жағынан да турдың сәнін келтірді. Бибісара бұған дейін сұхбаттарында осы турнирде Сергей Карякин және Теймур Раджабовпен ойнағысы келетінін бірнеше рет айтқан.

Өз кезегінде ресейлік гроссмейстер мұндағы жалғыз жеңілісінен ұялмайтынын мәлімдеді.

Мен өте жақсы ойнайтын әлем чемпионынан ұтылдым", - деп айтты Карякин ойыннан кейін.


Бұл жарыстың жүлде қоры 15 миллион рубль. Қазір мұнда әлемдегі ең мықты шахматшылар шеберлік байқасып жатыр. Олардың қатарында Бибісара Асаубаева, Сергей Карякин, Александр Грищук, Теймур Раджабов, Раунаку Садвани, Франсиско Вальехо, Владислав Артемьев, Екатерина Лагно және басқалары бар", - делінген ақпаратта.


Қазақстандық гроссмейстер турнирге қатысатынын басталардан екі күн бұрын білген. Бибисара әлем чемпионы Владимир Крамниктің орнын басқан.

Рапид бәсекесі 24-26 қаңтарда өтті. Енді 28 және 30 қаңтарда блиц бойынша жарыстар өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны