16.04.2021, 20:40 11552
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы ауысты
Достарға айту
НҰР-СҰЛТАН. 16 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Ахметжановты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Марат Мұратұлы Ахметжановты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Алик Жатқамбайұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімімен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.12.2025, 11:38 66
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 55,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Достарға айту
2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 494 кәсіпорны 10,4 мыңнан астам жұмыскерге 2,6 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 8 мыңға жуық фактісі анықталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 3 781 ұйғарым берілді және 470,7 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде
10,1 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 2,2 млрд теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 5 886 тексеру жүргізді, оның барысында 7 902 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында - 6 362; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша - 1 495; халықты жұмыспен қамту бойынша - 45.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 45 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.12.2025, 09:36 196
10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.12.2025, 11:12 771
Көлік министрлігінде Орталық Азия бағытында астық жүктерін тасымалдау мәселелері қаралды
Сурет: railways.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінде "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының және "ҚТЖ" ҰК" АҚ өкілдерінің қатысуымен Орталық Азия елдеріне астық жүктерін тасымалдау мәселелері бойынша жедел кеңес өтті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Осы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Орталық Азия мемлекеттеріне жөнелтілген астық көлемі 5,6 млн тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32%-ға артты.
Тек қараша айында экспортқа 1,2 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, оның шамамен 0,7 млн тоннасы Орталық Азия елдері бағытына тиесілі.
Аталған бағыттағы өткізу көлемінің артуы Өзбекстан Республикасындағы қабылдау терминалдарының шамадан тыс жүктелуіне алып келгені атап өтілді. Бұл өз кезегінде екі елдің көлік әкімшіліктері арасында жедел және келісілген шаралар қабылдауды талап етеді.
Өзбекстан тарапындағы өткізу және өңдеу мүмкіндіктерін ескере отырып, астық экспортын ұйымдастыруға қатысты нақтыланған шешімдерді әзірлеу мақсатында Өзбекстан теміржолдарымен келісім бойынша 8-9 желтоқсанда Сарыағаш және Ташкент қалаларында бірлескен кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 17:06 836
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысында төбелеске қатысқан шенеунікті жұмыстан шығаруды ұсынды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі барлықөңірдегі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен оқиғаларға, оның ішінде жағымсыз жағынан көрініс тапқан әрекеттер мен БАҚ-тағы сыни материалдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметінен.
Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті жуырда әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес оқиғасына байланысты тиісті қызметтік тексеріс жүргізді.
Нәтижесінде, 5 желтоқсан күні Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдады. Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін "атқарып отырған лауазымынан босату" түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Әдеп жөніндегі кеңес С.Жалықұл тарапынан орын алған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу фактісін анықтады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.12.2025, 10:59 1171
CITES Қазақстаннан киіктің мүйізіне нөлдік экспорттық квотаны алып тастауды бекітті
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Самарқандта өткен CITES Конвенциясы Тараптарының 20-шы Конференциясында (2025 жылғы 24 қараша - 5 желтоқсан) тек түрдің қазақстандық популяциясынан шығатын киік мүйізіне нөлдік экспорттық квотаны алып тастау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Киіктің мүйізіне нөлдік экспорттық квотаны алып тастау бойынша ұлттық ұстанымды ілгерілету үшін Экология және табиғи ресурстар министрі Е.Н. Нысанбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасының кеңейтілген делегациясы құрылды, оның құрамына CITES әкімшілік және ғылыми органы - Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, ҚР ҒЖБМ ҒК "Зоология институты" ШЖҚ РМК, сондай-ақ "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы (АСБК) Ұлттық цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі мәселелері бойынша сараптамалық қолдауды қамтамасыз еткен - Tabiǵi Orta және "Қазақтелеком" АҚ.
5 желтоқсанда Тараптар конференциясының ресми жабылу рәсімінде CITES Бас хатшысы Ивонн Игуэро өз сөзінде киікті сақтаудағы Қазақстанның табыстарын атап өтіп, осы табыс елімізге түрдің дериваттарымен халықаралық сауданы қайта бастауға мүмкіндік бергенін атап өтті: "Түрді қорғау жөніндегі дәйекті күш-жігердің арқасында Қазақстанда киіктің саны тарихи кезеңнен 21 мыңнан 4 миллионнан астам басқа дейін өсті. Бұл әсерлі нәтиже түрдің ұзақ мерзімді тұрақтылығына сенімділік ұялатады және Тараптарға сақтық, қатаң бақыланатын тәсіл кезінде Қазақстаннан дериваттардың халықаралық саудасын қайта бастауға келісуге мүмкіндік берді".
Нөлдік квотаны алып тастау туралы ұсыныс - бұл тек қана қорғау моделінен ғылыми негізделген, орнықты пайдалануға көшудің жаңа кезеңі, онда кез келген пайдалану тиімді бақылау жүйесі болған кезде дериваттардың (мүйіздердің) бақыланатын заңды саудасын қоса алғанда, түрі және оның мекендеу ортасы үшін қауіпсіз болып қала береді.
Қазақстан мүйізбен реттелетін халықаралық саудадан түсетін кірістерді биологиялық әртүрлілікті сақтауға, экожүйелерді мониторингілеуге және қалпына келтіруге бағыттау міндеттемесін растады.
Консенсусқа қол жеткізу алдында жиырмасыншы Тараптар конференциясына дейін басталған және Конференция аясында жалғасқан кеңестердің кең сериясы болды, онда қатысушы елдермен, өңірлік топтармен, халықаралық ұйымдармен және жетекші тәуелсіз сарапшылармен екіжақты кездесулер қарқынды өткізілді.
Конференция аясында Қазақстан делегациясы 31 екіжақты кездесу өткізді, оның ішінде 22-сі елдер және үкіметаралық делегациялармен, 9-ы халықаралық ұйымдармен.
Қазақстан делегациясы сондай-ақ өңірлік алаңдарда: Азия тобы елдерінің, Африка мен араб елдерінің 3 кеңесінде өтінімді қолдау мәселелерін белсенді пысықтады.
Қазақстан делегациясының консультациялық процесінің ашық, дәлелді және серіктестік сипаты елдің халықаралық ұстанымын нығайтты, оң халықаралық имиджді қалыптастыруға ықпал етті және CITES тараптарының оң шешімінің негізгі факторы болды, оның шеңберінде Қазақстанның ұсынысы қаралды.
CITES тараптарының дауыс беру қорытындылары бойынша: 111 ел - "қолдады" (94%), 7 ел - "қарсы" (Моңғолияны қоса алғанда).
Қазақстан сондай-ақ киік популяциясын тұрақты басқару биоәртүрлілік жөніндегі Куньмин-Монреаль жаһандық негіздемелік бағдарламасының қисыны мен мақсаттарына сәйкес келетінін атап өтті, соның ішінде:
- экожүйелердің тұтастығын сақтау (1-міндет),
- тозған жерлер мен жайылымдарды қалпына келтіру (2-міндет),
- әлсіз далалық және шөлді экожүйелерге жүктемені азайту кезінде жабайы фаунаны тұрақты пайдалану (5-міндет).
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 21:29 56306
Еріктілер қоғамдағы сенім мен ынтымақты нығайту арқылы маңызды миссия атқарып келеді - Президент
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі жарияланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жоғары мәртебелі! Құрметті делегаттар!
Орнықты даму мақсаттарына сай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған алқалы жиында сөз сөйлеу - мен үшін зор мәртебе.
Бұл айтулы уақиға еріктілердің рөлін күшейтуге, олардың ұлттық және жаһандық прогреске қосатын үлесін еселеуге бағытталған ортақ ұмтылысымызды көрсетеді.
Қазақстан халықаралық серіктестермен тығыз ынтымақтастық жасай отырып, осы бастаманы көтерді.
Еріктілер қозғалысы Орнықты даму мақсаттарына жету жолындағы азаматтық белсенділік пен прогреске ықпал ететін ізгі амалдың жасампаздық қуатына айналарына кәміл сенеміз.
Қазіргідей алмағайып заманда еріктілер адам өмірін сақтау, қиындыққа душар болған жандарға жәрдемдесу, қоғамдағы сенім мен ынтымақты нығайту арқылы аса маңызды миссия атқарып келеді.
БҰҰ Еріктілер бағдарламасы дүние жүзінің әр қиырында қызмет етеді. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамдарды бір мақсатқа жұмылдырады.
Жер-жаһандағы миллиондаған адам Ұйымнан бөлек те волонтерлік қызметке атсалысады.
Қазақстанда еріктілер қозғалысы қоғамдық өмірдің ажырамас бөлшегіне айналды.
Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы қоршаған ортаны қалпына келтіруге, экологиялық жауапкершілік мәдениетін дәріптеуге үлес қосқысы келетін мыңдаған азаматты біріктірді. Бұл жоба БҰҰ-ның орнықты даму саласындағы жаһандық бастамаларымен үндеседі.
Осы орайда Алматы қаласын Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен халықаралық ынтымақтастық хабына айналдыру ниетін құптаймыз. Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының құрылуы осындай мүмкіндікке жол ашты.
Бұл ретте Алматыда БҰҰ Еріктілер бағдарламасының субөңірлік кеңсесінің ашылуы Қазақстанның азаматтық белсенділікті және жаһандық серіктестікті дамытуға бейіл екенін көрсетеді.
Аталған бастамалар әлемдегі сын-қатерлерді бірлескен күш-жігер мен өзара сенімнің арқасында еңсеруге болатынын растайды.
Барша елдің еріктілерін БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік интеграция және жастарды қолдау бағытындағы бастамаларына қосылып, өзара тәжірибе алмасуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырамыз.
Қазақстан БҰҰ Еріктілер бағдарламасына ризашылығын білдіреді. Сонымен қатар жастардың, әйелдердің және шалғай аймақ тұрғындарының мүмкіндіктерін кеңейту үшін серіктестік аясын кеңейтуге үндейді.
Биыл Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылғанына 80 жыл толды. Осы маңызды кезеңде баршаңызды әділ әрі жасыл әлем қалыптастыру жолында ынтымақ-бірлігіміздің берік екенін көрсетіп, адамзат игілігі үшін бірлесіп әрекет етуге шақырамын.
Қазақстан айтулы жыл аясында және одан кейінгі кезеңдерде де әлеуметтік маңызы бар еріктілер қызметін қолдау үшін БҰҰ-ға мүше барлық мемлекетпен және азаматтық қоғаммен ынтымақтаса жұмыс істеуге әрдайым дайын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 20:10 55226
Жамбыл облысының шаруаларына келесі жылы суару маусымында су тапшылығы болуы мүмкін екені түсіндірілді
Достарға айту
Жамбыл облысы әкімдігінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен 2026 жылғы вегетация кезеңіне дайындық мәселелеріне арналған кеңес өтті. Жиынға су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, су шаруашылығы ұйымдарының, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ аймақтың шаруа қожалықтары өкілдері қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесуде облыстың шаруаларына трансшекаралық судың келуі азаюына байланысты туындаған қауіптер және суару маусымында су ресурстарын ұтымды пайдалану шаралары түсіндірілді. Атап айтқанда, өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру және су үнемдеу технологияларына көшу.
Су ресурстарының қолжетімді көлемінің азаюы жалғасып отырғандықтан, алдағы вегетация кезеңінде су тапшылығы қаупі бар. Бұл - Орталық Азияның барлық елі тап болып отырған табиғи процесс. Су келу көлемінің азаю салдарын барынша азайту үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру мен су үнемдеу технологияларын енгізуді жеделдету қажет. Бұл үшін мемлекет барлық жағдайды жасап жатыр. Бұл тек су ресурстарын үнемдеу мәселесі ғана емес, сонымен бірге елдің су және азық-түлік қауіпсіздігі осыған тікелей байланысты. Дайындалуға уақыт бар, жауапты органдар мен жергілікті атқарушы билік және диқандар оны тиімді пайдалануға тиіс", - деді Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Еске сала кетейік, суды үнемдеу және заманауи суару жүйелеріне көшуге ынталандыру мақсатында ұңғымаларды бұрғылау, инфрақұрылым тарту және су үнемдейтін жабдықтар сатып алу шығындарын өтеу үлесі 50%-дан 80%-ға дейін көтерілді. Суару суына сараланған тариф енгізілді. Су үнемдеу технологияларын қолданатын шаруа қожалықтары үшін су құнын субсидиялау 60%-дан 85%-ға дейін ұлғайды.
2026-2028 жылдарға арналған жалпы трансферттер шеңберінде су үнемдеу технологияларын енгізуді және егінге қажетті су құнын субсидиялауды қолдауға бұрынғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда төрт есе көп қаражат бөлінді.
Қабылданған шаралар Қазақстанда су үнемдеу технологияларын қолданылатын егістік алқабы көлемін жыл сайын 150 мың гектардан астамға ұлғайтуға мүмкіндік берді. 2030 жылға қарай республикадағы 1,3 млн гектар суармалы жерді заманауи суару жүйелерімен қамту жоспарланып отыр.
Бүгінде Жамбыл облысында су үнемдеу технологиялары 66,5 мың гектарда қолданылып жатыр. Оның ішінде жаңбырлатып суару жүйесі - 19,3 мың гектар, тамшылатып суару - 44,6 мың гектар, лазерлік тегістегішпен - 2,6 мың гектар.
Сондай-ақ кеңесте ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған "Ауыл аманаты" жобасының негізгі тетіктері талқыланды.
Биыл жобаны іске асыру бойынша жаңа тәсілдер әзірленді. Атап айтқанда, рәсімдерді жеңілдетіп, басым бағыттарды қолдауға арналған жаңа қағидалар бекітіліп, қолданылып жатыр. Ең алдымен, өңдеу кәсіпорындарын және өсіруден бастап өткізуге дейінгі толық өндірістік циклды қамтамасыз ететін қызмет түрлерін, сондай-ақ кооперативтерді қолдау негізгі басымдықтар ретінде айқындалды. Қаржыландыру лимиттері енгізіледі: қаражаттың 40%-ға дейінгі көлемі мал шаруашылығына, кемінде 20%-ы өңдеу саласына бағытталады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласына жатпайтын жаңа бизнес түрлері де тізімге енгізілді.
2026-2028 жылдары Жамбыл облысында 1 мыңнан астам жобаны іске асыруға 31 млрд теңгеден астам қаржы бөлу жоспарланып отыр.
Өңірде мал шаруашылығының жоғары көрсеткіштеріне қарамастан, бордақылау, сою, сақтау, өңдеу және логистика инфрақұрылымы жеткіліксіз. Осыған байланысты әкімдіктерге, оның ішінде шағын индустриялық аймақтар құру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Негізгі кедергілердің бірі ауыл тұрғындарының бір бөлігінде жеткілікті кепілдің болмауы болып қала береді. Осыған байланысты вице-премьер "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорына кепілдендіру тетігін пайдалану жөнінде, оның ішінде "Ауыл аманаты" жобасы аясында Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
05.12.2025, 16:44 69691
Президент шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Құжатта өңірлердің ерекшелігі мен кәсіпкерлерді нақты қолдау тетіктері қарастырылуға тиіс.
-Жергілікті өнімге, білім мен заманауи технологияға басымдық беру айтарлықтай нәтиже әкелетінін тәжірибе көрсетті. Мысал ретінде Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA) және "Атамекен" ұлттық палатасының қолдауымен жүзеге асқан "Бір ауыл- бір өнім" жобасын келтіруге болады. Ауыл-аймақтардан осындай ақылға қонымды өтініштер мен ұсыныстар жиі түседі,- деді ол.
Мемлекет басшысы Үкімет ортақ жауапкершілік қағидатына сай мемлекет пен бизнестің тиімді қарым-қатынас жасауына жан-жақты ықпал етуі керек екенін айтты.
-Мәселен, қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашу туралы бастаманы айтуға болады. Неге екенін қайдам, қанша жыл өтсе деосы шаруаны Үкімет те, бизнес теқолға алмаған. Әйтсе дешағын бизнес бұл кәсіппен айналысуға ниетті.
Үкімет ортақ жауапкершілік қағидатына сай мемлекет пен бизнестің тиімді қарым-қатынас жасауына жан-жақты ықпал етуі керек. Бұл ауылдар мен шағын қалалардың дамуына тың серпін береді,- деді Тоқваев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
05.12.2025, 16:59Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды 01.12.2025, 12:48 73746Сианьдағы Қазақстанның Бас консулдығы өңіраралық инвестициялық ынтымақтастықтың нығаюына белсенді ат салысуда05.12.2025, 17:41 73446Мемлекет басшысы Таиланд Короліне құттықтау жеделхатын жолдады05.12.2025, 18:39 73101Қазақстан мен Аустрия индустриялық ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтауда05.12.2025, 16:37 73056Сеулде "Travel Kazakhstan" туристік жолсілтеменің тұсаукесері өтті
13.11.2025, 17:40 176661Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175131Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 151876Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146416Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146066Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

