Қазақстан мен Беларусь Премьер-Министрлері ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
НҰР-СҰЛТАН. 28 МАУСЫМ - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Роман Головченкомен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет басшылары сауда-экономикалық, ауыл шаруашылығы, энергетика, көлік-логистика, құрылыс салаларындағы ынтымақтастықтың, өнеркәсіптік кооперация мен білім берудің, сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Қостанай қаласында А. Мамин мен Р. Головченко ауыл шаруашылығы машинасы өнімдерінің бірлескен өндірісін дамыту жобаларымен танысты.
"АгромашХолдинг KZ" АҚ базасында өндіріс көлемін жылына 1 мың бірлікке дейін ұлғайта отырып, "Гомсельмаш" зауытының технологиясы бойынша "Есіл" комбайндарын құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ретте қысқа мерзімді кезеңде өнімді жергіліктендіру деңгейі 60%-ға дейін жеткізіледі.
Екі елдің үкімет басшылары "МТЗ Қазақстан" кәсіпорнының даму жоспарларымен танысты. Зауытта жаңа корпустардың құрылысы жүріп жатыр, бұл өндіріс көлемін жылына 4 мың тракторға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қостанай қаласындағы "АгромашХолдинг KZ" АҚ локализациялау орталығының базасында "КУВО" Беларусь компаниясымен бірлесіп, 2022 жылдың соңында жылына 30 мың жиынтық көлемінде ауыл шаруашылығы және автомобиль техникасына арналған көп қабатты шыны пакеттер өндірісін ашу және оны кемінде 70% деңгейде жергіліктендіру көзделген. Қостанай қаласында "Белкарпластик" ЖШҚ-мен бірлесіп, машина жасау саласы үшін композициялық материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі ашылады.
АӨК саласында тараптар Беларусь технологияларын тарта отырып, Қазақстанда сүт-тауар фермаларын салу бойынша ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр. Екі елдің іскер топтары өкілдерінің өткен кездесулері барысында тиісті уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Құрылыс индустриясында бірлескен жобаларды іске асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді. Мәселен, "БелВудДоорс" компаниясы мен "Самұрық-Қазына Констракшн" ЖШС Нұр-Сұлтан қаласының индустриялық аймағында қуаттылығы жылына 250 мың есік өндірісін ашуға ниетті. Жоба құны – 5,5 млрд теңге. Бұдан әрі осындай жобаны Алматы қаласында іске асыру жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстанда қуаттылығы 2 млн м2 болатын керамикалық плиталардың бірлескен өндірісі ашылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Беларусь Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Екі елдің Премьер-Министрлері Қостанай қаласындағы "СарыарқаАвтоӨнеркәсіп" ЖШС өндірістік алаңында, сондай-ақ темір кенін, доломитті, әктасты, құрылыс шағылтасын қайта өңдейтін ҚР ірі кәсіпорны – Рудный қаласындағы "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі" АҚ-да болды.
Нұр-Сұлтан қаласында екі елдің үкімет басшылары ModeX модульдік үй құрылысы зауытында, "Локомотив құрастыру зауыты" АҚ-да, "Астана" халықаралық қаржы орталығында және басқа да нысандарда болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Электросамокаттар көлік құралы ретінде танылады: полиция мен бизнес өкілдері алдағы өзгерістерді талқылады
Электросамокаттар бүгінде жол қозғалысының толыққанды қатысушысына айналды. Сондықтан оларға қойылатын талаптар да өзге көлік құралдарына белгіленген ережелер секілді нақты әрі міндетті болуы тиіс", - деді ол.
Мопедтерді реттеу тәжірибесі жүйелі әрі қатаң шаралардың тиімді екенін көрсетті. Мұндай тәсіл жол-көлік оқиғаларын азайтып, тәртіпті күшейтеді. Дәл осы әдіс электросамокаттарға да қолданылады. Бұл - азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам", - деп атап өтті Айдын Қабдулдинов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
"Халық бухгалтері" акциясының алғашқы нәтижелері
- оңтайлы салық режимін таңдау және өтпелі кезең мәселелері бойынша;
- арнайы салық режимдеріндегі салық жеңілдіктері мен шегерімдер;
- электронды шот-фактураларды жазып беру;
- ҚҚС шегі, ҚҚС бойынша есептен шығару және қою;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері;
- салық міндеттемелерін орындау тәртібі және тағы да басқалар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бахтияр Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жобалық кеңсенің үшінші отырысында денсаулық сақтау саласына салық салудың жаңа нормасын қолдану мәселесі қаралды
Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов атап өткендей, қазіргі уақытта іс жүзінде салалық мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерінде құқықтық белгісіздік туындауда. Атап айтқанда, мәселелер ТМККК, МӘМС тізбелеріне кіретін дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар аурулардың импорты мен дәріхана желілеріндегі бөлшек саудасына қатысты. ҚҚС-ты ескерсе немесе оны есептемегендегі дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастыру мәселесі де көтерілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Әсет Ерғалиев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Өңірлерде тұрақтандыру қорларындағы көкөністерді белсенді сату басталды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Жаңа Конституция жобасы - болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат
Ата Заңның жаңа жобасы - болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат. Онда адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Біз Конституция жобасында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Заң мен тәртіп" жаппай үстемдік құрған, "Әділетті әрі таза Қазақстанды құру" идеясы халықтың кең қолдауына ие болғанын көріп отырмыз. Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясы басты орынға қойылады. "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасы саяси жүйенің тұрақтылығы мен сабақтастығын орнықтыра түседі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жаңа Конституция жобасы адам құқығы мен бостандығын мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітіп қана қоймай, Қазақстанның ұзақмерзімді ғылыми-технологиялық дамуының негізі саналады", - деп атап өтті Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.
Бүгінгі таңда медицина ғылымының дамуы - ғылыми прогресс қана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік пен орнықты денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың негізгі факторы. Конституцияның жаңа жобасында ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде қарастыру аса маңызды екені сөзсіз. Бұл ғылыми білім мен зерттеулердің және ғылыми кадрлардың еліміздің қосалқы емес, тікелей стратегиялық ресурсы екенін мойындауды білдіреді", - деді академик Вячеслав Локшин "өмір және денсаулық туралы ғылым" бағытын стратегиялық деңгейге шығару қажеттілігін атап өтіп.
Жалпы алғанда, отандық ғылымның тиімділігін, оның инвестициялық тартымдылығын, барлық процестердің айқындылығы мен ашықтығын арттыру бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде. Академия еліміздің стратегиялық дамуына қолдау көрсететін негізгі зияткерлік орталыққа айналуы қажет. Дәл осы жерде экономиканы дамытудың ғылыми негізделген болжамдары жасалып, әлемдік инновациялық орталықтармен берік ғылыми байланыстар нығайтылуға тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
- Ғылым және жоғары білім министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2026 жылғы 1 наурызға дейін Ғылым академиясының ғылыми технологиялық дамудың басымдықтарын айқындаудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын қарасын.
- Салалық мемлекеттік органдар 2026 жылғы 1 наурызға дейін салалардың технологиялық және өндірістік міндеттерін шешу мен қолданбалы ғылыми әзірлемелерді енгізу жөніндегі жол карталарын бекітсін.
- Өңір әкімдері өңірлік ғылыми-технологиялық кеңестерге жеке басшылық жасап, қалыптастырсын. Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өңірлік мамандану және форсайттық зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, ғылыми-техникалық тапсырмаларды бекітсін.
- Ұлттық ғылым академиясы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін Ғылыми-технологиялық форсайт орталығын құруды және тиісті зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етсін.
- Су ресурстары және ирригация министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп, 2026 жылғы 1 мамырға дейін су ресурстарын басқару үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі жобаны іске қосуды қамтамасыз етсін. Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанның су-энергетикалық ресурстарының картасын дайындасын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
13.02.2026, 12:31Шанхайда метро құрылысы кезінде жолдың бір бөлігі опырылып түсті
09.02.2026, 21:12 197226Қазақстан-Cербия ынтымақтастығының перспективалары ҚР СІМ-де талқыланды09.02.2026, 22:39 197026Қазақстан мен Үндістан стратегиялық серіктестікті нығайту перспективаларын талқылады09.02.2026, 20:09 116731Брюссельде Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған поэтикалық іс-шара өтті10.02.2026, 12:57 114156Қазақстан СІМ басшысы Түркия Елшісін қабылдады10.02.2026, 13:08 113866Қазақстан мен Латвия транзит және көлік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда
14.01.2026, 19:10 257476Алматы мектептері жаңа платформада қалады: сот Kundelik-тің өтінішін қанағаттандырмады14.01.2026, 18:06 229036Kundelik төңірегіндегі дау: Алматы мектептері жаңа платформада жұмысын жалғастырып жатыр21.01.2026, 10:52 217406Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 217306Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде21.01.2026, 09:49 2159462025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді

