25.01.2022, 20:39 27066

Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз - Тоқаев

Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз - Тоқаев
НҰР-СҰЛТАН. 25 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де елдегі жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуы туралы жазды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY.
 

Біз жаңа саяси мәдениет қалыптастырып жатырмыз. Түрлі көзқарас, бірақ біртұтас ұлт. Өзгенің пікірін құрметтеп, диалог жүргізу арқылы ғана еліміз ілгері жылжиды", - деп жазды Мемлекет басшысы.

 
Бұған дейін Президент халықаралық қоғамдастыққа үндеп, ҚР-ның "ашық есік" инвестициялық саясаты өзгеріссіз қалатынын мәлімдеді. Ол Қазақстанның халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастыққа әрдайым ашық екенін атап өтті.
 
Қазақстан қаңтар айының басында бұрын-соңды болмаған агрессия актісіне тап болды, бірақ оны жеңіп, "жаңа Қазақстанның" құрылысына кірісті. Бұл туралы бүгін "Орталық Азия - ҚХР" саммиті барысында сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны