12.08.2022, 16:06 25016

ҚР-да кейбір соттары құрылды және қайта аталды

Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір соттарын құру және қайта атау және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды.
ҚР-да кейбір соттары құрылды және қайта аталды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 12 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір соттарын құру және қайта атау және Қазақстан Республикасы соттарының кадр мәселелері туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне сілтеме жасап.
 
Жарлыққа сәйкес:
 
  • Абай, Жетісу, Ұлытау облыстық соттары;
  • Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттары;
  • Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттары;
  • Абай облысы Семей қаласының, Алматы облысы Қонаев қаласының және Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу соттары;
  • Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты;
  • Ұлытау облысы Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты құрылды.
 
Сондай-ақ, Алматы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар соттар қайта аталды.
 
Алматы облысы бойынша:
 
  • Алматы облысының Қапшағай қалалық соты Алматы облысының Қонаев қалалық соты деп;
  • Алматы облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
  • Алматы облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;
  • Алматы облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Жетісу облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
  • жаңадан құрылған Жетісу облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Алматы облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Жетісу облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;
 
Қарағанды облысы бойынша:
 
  • Қарағанды облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
  • Қарағанды облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;
  • жаңадан құрылған Ұлытау облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Қарағанды облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Ұлытау облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;
 
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
 
  • Шығыс Қазақстан облысының № 2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Абай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
  • Шығыс Қазақстан облысының № 2 мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Абай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты деп;
  • Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық соты Абай облысының Ақсуат аудандық соты деп;
  • жаңадан құрылған Абай облысының аумақтық соттылығына жатқызылған Шығыс Қазақстан облысының аудандық және оған теңестірілген соттары Абай облысының аудандық және оған теңестірілген соттары деп;
  • Шығыс Қазақстан облысының № 1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Шығыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты деп;
  • Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданының № 2 аудандық соты Шығыс Қазақстан облысының Самар аудандық соты деп;
  • Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының № 2 аудандық соты Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай аудандық соты деп аталды.


 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

Тегтер:СотҚР

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны