23.12.2021, 18:48 25461

Қазақстанда 2022-2023 жылдары мемлекеттік қызметшілерді қысқарту жоспарланып отыр

ҚР Премьер-Министрі 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде штат санының лимиттеріне сәйкес штатты қысқарту жөнінде жұмыс жүргізуді қаулы етті.
НҰР-СҰЛТАН. 23 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда мемлекеттік органдарда штат санын қысқарту жоспарланып отыр. Қазақстан Премьер-Министрі Асқар Мамин 2021 жылғы 9 желтоқсандағы №874 тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" ШЖҚ РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қаулыда атап өтілгендей, жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті саны, сондай-ақ министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттері өзгереді. Қаулы "қызмет бабында пайдалану үшін" деген грифі бар лимиттерді өзгертуді белгілейді.
 
Сондай-ақ, қаулыда мыналар көрсетілген: Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2022 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін.
 

Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін", - делінген құжатта.

 
Бұдан басқа, орталық және жергілікті атқарушы органдарға өз актілерін осы қаулыға сәйкес келтіру тапсырылады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны