26.02.2021, 22:21 12477

Мемлекет басшысы екі елшіні тағайындады

ҚР-ның Италия мен Малайзиядағы елшілері тағайындалды.

Нұр-Сұлтан. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Президент тиісті Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерболат Нәсенұлы Сембаев Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Болат Болатұлы Сүгірбаев Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпанда Ақордада үш мемлекеттің жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті елшілері Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны