09.03.2021, 21:54 9271

Тоқаев уран өндіру мәселелері бойынша түзетулерге қол қойды

Заңға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар уран өндіру салдарын жою жоспарын барлық жұмыстар басталғанға дейін құжаттар пакетін дайындау сатысында ұсынуға тиіс.

Нұр-Сұлтан. 9 наурыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне уран өндіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заңға сәйкес, жер қойнауын пайдаланушылар уран өндіру салдарын жою жоспарын барлық жұмыстар басталғанға дейін құжаттар пакетін дайындау сатысында ұсынуға тиіс. Кен орны қорларының айтарлықтай өсуі анықталған жағдайда, олар өз кірістерінің бір бөлігін игеру жүргізіліп жатқан аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағыттауға міндетті болады.

Ақпан айында Сенат заң жобасын Мәжіліске қайтарды. Ел Президентінің Мемлекеттік және жеке меншік операторларды құруға тыйым салу туралы тапсырмасын басшылыққа ала отырып, сенаторлар уран кен орындарын игерудің жобалық құжаттары мен талдауларына тәуелсіз сараптама операторын құруға қатысты нормаларды алып тастауды ұсынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны