17.05.2021, 19:51 7847

Автокөліктерге қарбалас уақытта емес автобус жолақтарымен жүруге рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН. 17 МАМЫР - Қазақстанда белгілі бір уақытта автокөліктердің автобус жолақтарына шығуына рұқсат беру жоспарлануда. Жол қозғалысы ережелеріне түзетулер енгізілетін Үкімет қаулысының тиісті жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY "Ашық НҚА" сайтына сілтеме жасап.
 
Жол жүрісі қағидаларының 18-бөлімінің 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "5.9, 5.10.1 - 5.10.3 белгілерімен белгіленген маршруттық көлік құралдарына арналған жолағы бар жолдарда 07.30-дан 9.30-ға дейінгі уақыт кезеңінде, 17.00-ден 20.00-ге дейінгі аралықта қоғамдық көлік қозғалысы жүзеге асырылады және аялдама жүргізіледі (Қағидалардың 24-бөлімінің 2 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда), ал қалған уақытта және демалыс күндері, қоғамдық көліктен басқа, осы жолақта басқа көлік құралдары жүреді".
 
Түзетулер ҚР Президентінің 2021 жылғы 22 сәуірдегі Мәжілісте арнайы бөлінген автобус жолақтарын пик сағаттарынан тыс және демалыс күндері пайдалану туралы тапсырмасына сәйкес әзірленді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны