20.08.2021, 18:37 8791

Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін дамыту жоспарлануда

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Adaldyq alany" жобалық кеңсесі мен "Даму" Қазақстандық қауымдастығы" ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
НҰР-СҰЛТАН. 20 ТАМЫЗ - Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін ілгерілету бойынша ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды кеңейтуді көздеп отыр, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бүгін, 20 тамызда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Adaldyq alany" жобалық кеңсесі мен "Даму" Қазақстандық қауымдастығы" ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
 

Бұл ынтымақтастық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына мүлдем төзбеушілікті ілгерілету бойынша бірлескен күш-жігерді дамытуды көздейді. Жастар мен студенттер ұйымдары үшін білім беру тренингтері өткізіледі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында әлеуметтік бейнероликтер жасалады, сондай-ақ шығармашыл жастарды қолдау мақсатында эссе мен суреттер жазу бойынша конкурстар жарияланады. Бұл бастамалар жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру процесіне тартуға бағытталған", - деп хабарлайды ҚР АҚДМ баспасөз қызметі.

 

Бүгінде дәл осы жастар қоғамдық өрістегі үрдістерді жиі қалыптастырады. Біз үшін қазіргі жастардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік" қағидатын ұстануы маңызды. Бұл студенттер үшін де, жұмысшы жастар үшін де өзекті", - деп атап өтті "Adaldyq alany" жобалық кеңсесінің жетекшісі Т.Жұмырбаев.

 
Құжатқа "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ қолдауымен іске асырылатын "Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу" жобасы шеңберінде қол қойылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны