01.09.2021, 19:37 7394

Тоқаев биологиялық қауіпсіздіктің ұлттық жүйесін құруды тапсырды

Қазіргі уақытта, Мемлекет басшысының айтуынша, медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚЫРКҮЙЕК - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде биологиялық қауіпсіздікті болжаудың ұлттық жүйесін құруды тапсырды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Еліміздің биологиялық қауіпсіздігін болжаумен айналысатын Ұлттық жүйе құрылуға тиіс. Бұл шара тиісті заң жобасында қарастырылған. Парламенттен осы заң жобасын қазіргі сессияның соңына дейін қабылдауды сұраймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

 
Мемлекет басшысының айтуынша, медициналық сараптама жасайтын көптеген зертханамыз халықаралық стандартқа сай емес.
 

"Дені сау ұлт" жобасы бойынша кемінде 12 зертхананы жоғары технологиялық құралдармен жабдықтау қажет. Соның арқасында зертханаларымыз 90 пайызға дейін халықаралық талапқа сай жұмыс істейтін болады", - деп атап өтті Президент.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны