15.09.2021, 21:29 7867

Қазақстан Президенті Тәжікстан Президентімен кездесті

ДУШАНБЕ. 15 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Президентінің Тәжікстанға жұмыс сапары осы елдің басшысы Эмомали Рахмонмен кездесуден басталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдірді. 
 
Президент Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында өзекті жаһандық мәселелерді талқылау аса маңызды екенін айтты.
 

Қонақжай Тәжік елінің, Душанбе қаласының алдағы самиттерге дайындығы өте жоғары деңгейде екен. Біздің тарап министрлер деңгейінде қажетті құжаттарды пысықтады. Қол қойылатын құжаттарды отырыс барысында жан-жақты талқылаймыз деп ойлаймын", — деді Қазақстан Президенті.

 
Тараптар екіжақты форматта да, көпжақты құрылымдар аясында да бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екенін атап өтті.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте ҰҚК отырысына және Шанхай ынтымақтастық ұйымының отырысына қатысады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны