02.12.2021, 19:50 12267

Сенаторлар Мәжіліске көрнекі ақпарат туралы заңды қайтарды

Атап айтқанда, олар дінге деген көзқарасқа байланысты заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарын қорғауға қатысты норманы алып тастауды ұсынды.
Сенаторлар Мәжіліске көрнекі ақпарат туралы заңды қайтарды
Сурет: ulysmedia.kz
НҰР-СҰЛТАН. 2 ЖЕЛТОҚСАН - Парламент Сенатының отырысы барысында депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қарады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Талқылау барысында сенаторлар заң жобасына бірқатар түзетулер енгізді. Атап айтқанда, олар дінге деген көзқарасқа байланысты заңды тұлғалардың азаматтық құқықтарын қорғауға қатысты норманы алып тастауды ұсынды.
 
Сондай-ақ сенаторлар діни ғимараттардан тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы хабарлау тәртібін айқындайтын бапқа нақтылау сипатындағы өзгерістер енгізді.
 
Осылайша, сенаторлар заң жобасының негізгі нормаларын қолдай отырып, оған түзетулер енгізіп Мәжіліске қайтарды.
 
Заң жобасында көрнекі ақпаратты, оның ішінде жарнаманы, хабарландыруларды, мәзірді және тағы басқаларын мемлекеттік тілде, ал қажет болған жағдайда орыс немесе басқа да тілдерде міндетті түрде орналастыру көзделген.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны