10.12.2021, 20:21 181139

Қазақстанда қоқысты бөлек жинауға қойылатын талаптар бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. 10 ЖЕЛТОҚСАН - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан бойынша қалдықтарды сұрыптап жинау талаптарын бекітті.
 
Министрдің міндетін атқарушы Ахметжан Пірімқұловтың бұйрығы бойынша, барлық қалдық екі топқа бөлінген:
 
- "дымқыл" - тағам қалдықтары, органикалық заттар, аралас қалдықтар және табиғаты мен құрамы бойынша тұрмыстық қалдықтарға ұқсас қалдықтар;
 
- "құрғақ" - қағаз, картон, металл, пластик және шыны.
 
Өкімге сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі қалдықтарды жинайтын және тасымалдайтын, бөлек жинау үшін контейнерлерді ұйымдастыратын, халыққа түсіндіру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізетін ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау бойынша конкурс өткізеді.
 
Құжатта электрон және электр жабдықтары, құрамында сынабы бар қалдықтар, батареялар, аккумуляторлар және басқа да қауіпті компоненттері бар қалдықтар бөлек жиналып, мамандандырылған ұйымдарға қалпына келтіруге берілетіні айтылған.
 
Қоқыс контейнерлеріне жанып тұрған, ыстық қалдықтарды, ірі көлемді қалдықтарды, қар мен мұзды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін, контейнерлерді тастауға тыйым салынады.
 
Құрылыс қалдықтары да, бұйрыққа сәйкес, тікелей құрылыс алаңында немесе жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырған арнайы жерде басқа қалдықтардан міндетті түрде бөлінуі керек.
 

Меншік нысанына және қызмет түріне қарамастан тұлғалар орталықтандырылған жүйені пайдалану кезінде нақты елді мекенде немесе оның құрамдас бөлігінде қалдықтарды бөлек жинау үшін орталықтандырылған жүйе шеңберінде жасалған шарттарға сәйкес түзілген қалдықтарды түрлері немесе топтары бойынша бөлуді қамтамасыз етеді", - делінген бұйрықта.

 
Бұйрық 2021 жылғы 19 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі. Толық мәтінмен мына жерден танысуға болады.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны