27.12.2021, 18:40 15451

Қазақстанда ақылы ҰБТ құны екі есеге артты

Қазақстанда ақылы ҰБТ құны екі есеге артты
Сурет: instagram/ruslan_yemelbayev
НҰР-СҰЛТАН. 27 ЖЕЛТОҚСАН - Қазақстанда ақылы ҰБТ құны екі есеге артып, 5640 теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Руслан Емелбаевтің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
 

2022 жылы бітіретін мектеп түлектеріне ҰБТ (маусым айындағы) тегін. Солай болды және солай болып қалады. Ал ЖОО-ға ақылы бөлімге түсетін ҰБТ ақылы – бұл да жаңалық емес. Мәселе бағаның өсуінде. 2012 жылдан 2021 жылға дейін ақылы ҰБТ-ның бағасы – 2 242 теңге болса, 2022 жылдан бастап – 5 640 теңге", - деп жазды Руслан Емелбаев өзінің Instagram парақшасында.

 
Сондай-ақ, ол Қазақстандағы ҰБТ бағасының өсу себептерін түсіндірді. Ұлттық тестілеу орталығы директорының айтуынша, "ақпараттық технологиялар заманында бастысы – компьютерлік тестілеуде ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Сондықтан, бірыңғай цифрлық экожүйе (тіркеу-тестілеу процесі-бағалау) мен арнайы жабық VPN-желісін ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр".
 
Руслан Емелбаев түскен қаражат ҰБТ өткізу пунктерін жалға алуға (компьютерлер, камералар, Face ID сәйкестендіру құралдары, кеңсе, медициналық, санитарлық жабдықтар және т.б.) жұмсалатынын айтты. 
 
Оның айтуынша, ҰБТ тапсырмаларының мазмұнына баса назар аударылуда. Осыған орай тест әзірлеушілерге де қойылып жатқан талаптар өсуде. Сәйкесінше, тест тапсырмасын әзірлеушілер мен сарапшылардың, апелляция мүшелерінің еңбек ақысының да жоғарылауы қалыпты жағдай. 
 

Осылайша, Сіздер жасайтын төлемдер өз мақсаты бойынша жұмсалуда. Сондықтан барлығын дұрыс таразылап, бағаның өсуіне жоғарыда аталған жайттардың себеп болып отырғанын түсіністікпен қабылдап аларсыздар деп үміттенеміз", - деп атап өтті ол.

 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны