03.01.2022, 16:10 11001

Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды шұғыл қарастыруды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. 3 ҚАҢТАР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де Жаңаөзендегі жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Мемлекет басшысының Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
 

Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс", - деп жазды Мемлекет басшысы.

 
Оның айтуынша, азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Маңғыстау облысының тұрғындары газ бағасына қарсы митинг өткізді.
 
Қазақстанда сұйытылған газ өндірушілер электронды сауда-саттыққа көшті. Электронды саудаға көшкенге дейін сұйытылған мұнай газының бағасы өз құнынан төмен бағаға сатылғандықтан, өндірушілер үшін тиімсіз болды. 2022 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша жеткізушілер Маңғыстау облысы үшін өндірушілерден 17 406 тонна сұйытылған мұнай газын сатып алды (Жеткізу жоспары бойынша бөлінгеннің 96,5%). Осылайша, Маңғыстау облысына қаңтарда сұйытылған газ жеткізудің орташа көтерме бағасы 133 126 теңге/тонна немесе 78 теңге/литр құрады. Бұл ретте бөлшек сауда бағасы Ақтау, Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысында 100-120 теңге/литр болды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны