11.01.2022, 12:13 19701

Президент Үкімет мүшелерінің, депутаттар мен әкімдердің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады

Президент Үкімет мүшелерінің, депутаттар мен әкімдердің жалақысын көтеруге бес жылдық мораторий жариялады
Сурет: pexels
НҰР-СҰЛТАН. 11 ҚАҢТАР - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында билік өкілдерінің жалақысын өсіруге 5 жылдық мораторий жарияланатынын айтты.
 

Үкімет пен депутаттар, әкімдердің еңбекақылары, шығыс туралы баптар мәселесі өткен жылдың соңында талқыланды. Менің ойымша, олардың жалақысы жеткілікті. Сондықтан олардың жалақысын көтеруге 5 жыл мораторий жариялауға болады деп санаймын. Мен бұл депутаттар үшін жақсы жаңалық емес екенін түсінемін, бірақ сіздер мұны түсінеді деп ойлаймын. Әкімшілік мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттегілерге жалақыны мүмкіндігінше көтеруді жалғастырамыз", - деді Президент.

 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны