01.02.2022, 17:15 14931

Нұрлан Нығматулин өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді

Нұрлан Нығматулин өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берді
Сурет: parlam.kz
НҰР-СҰЛТАН. 1 АҚПАН - Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында келесі қаулылар қабылданды:
 
1) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулиннің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға әкелетін негіз туындады деп белгіленсін.
 
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н.З. Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілсін. 
 
Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин 1962 жылы Қарағандыда туған. 
 
Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Саяси ғылымдарының докторы. 
 
Институтты бітіргеннен кейін "Қарағандыоблгаз" өндірістік бірлестігі автоколоннасының инженері, бастығы болып жұмыс істеген.
 
1985-1990 жылдары – Қазақстан ЛКЖО Ленин аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКЖО ОК комсомол ұйымдары бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан ЛКЖО Қарағанды облыстық комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы.
 
1990-1993 жылдары – Қазақстан жастар ұйымдары комитетінің төрағасы.
 
1993-1995 жылдары – "Тенгри" қазақ-американ бірлескен кәсіпорынның президенті.
 
1995-1999 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.
 
1999-2002 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
 
2002-2004 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация вице-министрі.
 
2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
 
2006-2009 жылдар аралығында – Қарағанды облысының әкімі.
 
2009-2012 жылдар аралығында – "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары.
 
2012 жылғы 20 қаңтар – 2014 жылғы 3 сәуір аралығында бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, "Нұр Отан" Халықтық Демократиялық партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясының жетекшісі.
 
2014 жылғы 3 сәуір – 2016 жылғы 21 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін атқарды.
 
2016 жылғы 22 маусымнан бастап алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды, "Нұр Отан" партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
 
2019 жылғы 22 тамызнан - "Nur Otan" Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.
 
2021 жылғы 14 қантардан - "Nur Otan" Партиясының Мәжілістегі Фракциясының жетекшісі.
 
2021 жылғы 15 қантардан - жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы болып бірауыздан сайланды.
 
Мәжілістің жаңа спикері болып Ерлан Қошанов сайланды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны