03.06.2022, 14:13 22351

Қазақстанның Жаһандық экологиялық қор бойынша ұлттық үйлестірушісі тағайындалды

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қаулыға қол қойды.
НҰР-СҰЛТАН. 3 МАУСЫМ - Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалды.
 

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасынан Жаһандық экологиялық қор (Global Environment Facility) бойынша ұлттық үйлестіруші болып тағайындалсын", - делінген Үкімет басшысының қаулысында.

 
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 
Зүлфия Сүлейменова 2020-2021 жылдары - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған.
 
2021 жылғы қаңтар 2022 жылғы наурыз аралығында VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны