09.06.2022, 16:46 42131

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптар әзірленді

Қазақстанда мектеп формасына қойылатын талаптар әзірленді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 9 МАУСЫМ - ҚР Білім және ғылым министрлігі "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ашық НҚА сайтына сілтеме жасап.
 

Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, түймелері немесе бекіткіші бар трикотаж кардиган (бомбер), классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады", - делінген құжатта.

 
Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер, шеврон және т.б.) орналастыруға рұқсат етіледі.
 
Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен кеңес (мектеп кеңесі, қамқоршылық кеңес, ата-аналар кеңесі) айқындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.
 
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналарға мектеп формасын отандық мектеп формасын шығаратын өндірушілерден сатып алуды ұсынады. Мектеп формасының жекелеген өндірушілеріне артықшылық беруге жол берілмейді. Ата-аналар өндірушіні таңдауда және мектеп формасын алуда тәуелсіз.
 
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары ата-аналар мен білім беру ұйымдарына әкімшілік аумақта мектеп формасының бірыңғай түсін таңдауды ұсынады.
 
Бұған дейін Білім министрлігі мектеп формасы туралы пікірталасқа түсініктеме берген болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны