29.06.2022, 18:36 32976
Тоқаев Орал мен Каспийдің экожүйесін құтқару шараларын қабылдауды ұсынды
Сурет: бейнеден кадр
Достарға айту
Каспий жағалауының экономикалық дамуы және миллиондаған тұрғындардың әл-ауқаты трансшекаралық суқоймасының табиғи ортасын сақтау міндетімен тығыз байланысты. Жер қойнауын белсенді пайдалану және ресурстарды тасымалдау аймақ экологиясына қатер төндіруде. Бұдан бөлек жаһандық жылыну және осыған байланысты климаттың өзгеруі су ресурстарына қауіп төндіріп отыр", – деді Президент.
Оның пікірінше, барлық Каспий маңы мемлекеттері Жайық (Урал) өзенін құтқару бойынша келісілген және пәрменді шаралар қабылдауға міндетті.
Біз өзара күш біріктіре отырып, Жайық өзенінің жағдайын жақсарту бойынша ортақ іс-қимыл жоспарын әзірлеуге шақырамыз", - деп атап өтті Тоқаев.
Одан бөлек Президент ортақ теңіздің экологиялық мәселелері жөнінде айта келе, Каспий итбалықтарының мүшкіл халі туралы да айтты.
Итбалықтардың қайта-қайта қырылуы үлкен қауіп төндіреді. Каспий итбалығы – жергілікті фаунадағы сүтқоректілердің жалғыз өкілі. Ол бүкіл теңіз аумағын мекен ететін трансшекаралық биоресурс саналады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы саммитке қатысушылардың назарын Каспий теңізіндегі биологиялық ресурстарды заңсыз аулауға қарсы күресудің маңызды екеніне аударды. Бұл ретте, Президент биоресурстарды заңсыз аулау, балық өнімдерін тасымалдау, бекіре тұқымдастарды заңсыз сатып алу немесе сату фактілерін атап өтті.
Каспий қойнауын және оның маңындағы аудандарды игеру кезінде техногенді апаттар мен табиғи катаклизмдердің үлкен қаупі барын ескерген жөн. Сондықтан апат салдарының алдын алудың және оларды жоюдың аймақтық механизмін, төтенше жағдай кезінде өзара көмек көрсету жүйесін дамыту маңызды", – деді Президент.
Ол Каспийдің теңіз ортасын қорғау мәселелері бойынша негізгі ережелер 2003 жылғы Тегеран конвенциясында бекітілгенін еске салды.
Оған қол қойылған күннен бастап 20 жылға жуық уақыт өтті, алайда, өкінішке орай, хатшылықты құру мәселесі әлі шешілген жоқ. Оның функцияларын әлі күнге дейін Женевадағы БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының Еуропалық кеңсесі жүзеге асыруда", - деді Тоқаев.
Қазақстан басшысының пікірінше, хатшылық толыққанды халықаралық ұйым ретінде жағалаудағы елдердің бірінде орналасуы тиіс.
Сондай-ақ, Тоқаевтың айтуынша, "Каспий бестігі" аналитикалық құрылымдарының консорциумын құру пайдалы, оның үстіне мұндай өзара іс-қимыл екі жақты деңгейде табысты жүргізілуде.
Бұған дейін хабарланғандай, ҚР Экология министрлігі мұнай өндіруші компаниялардың Каспий экологиясына тигізетін әсеріне қатысты ауқымды тексеру жүргізбекші.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.03.2023, 17:43 1521
Саусақ іздері қазақстандықтардың паспорттарында пайда болуы мүмкін
Сурет: Pexels.com
Достарға айту
Құжат жобасы 2023 жылдың 13 сәуіріне дейін қоғамдық талқылау үшін қолжетімді
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Ішкі істер министрлігінде Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары әзірленді.
Құжаттың жобасы 2023 жылғы 13 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында орналастырылған.
Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы беретін жеке басты куәландыратын құжаттар мемлекеттің меншігі болып табылады және мынадай деректерді:
- тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);
- туған күнін, айын, жылын және жерін;
- жынысын;
- қай ұлтқа жататынын - осы Қағидалардың 2-тармағының 4), 5) тармақшаларында көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттарда иесінің қалауы бойынша;
- азаматтығын;
- фотосуретін;
- құжатты берген органның атауын;
- құжаттың берілген күнін, айын, жылын, нөмірін, қолданылу мерзімін;
- құжаттар иесінің қолын;
- жеке сәйкестендіру нөмірін (босқынның куәлігін қоспағанда);
- он алты жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген жағдайларда он екі жастан бастап он алты жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының іздерін қамтиды.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган жеке басты куәландыратын құжаттарды (Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелерінде ресімделген Қазақстан Республикасы азаматының паспорттарын қоспағанда) алуға өтінім берілген күннен бастап 15 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етеді.
Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін уәкілетті мемлекеттік орган жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға өтінім берілген күннен бастап 17 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етеді.
Жол жүру құжатын құжаттандырылатын адам есепке алынған жердегі уәкілетті мемлекеттік орган құжатты алуға өтінім берілген күннен бастап 17 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді және ол иесінің өзіне немесе оның заңды өкіліне табыс етіледі.
Цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және уәкілетті органға ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.
ҚР азаматының паспорты, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі ресімделген күннен бастап жеделдетілген тәртіппен Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында - бір жұмыс күніне дейін, облыс орталықтарында - үш жұмыс күніне дейін, облыстардың аудандары мен қалаларында - жеті жұмыс күніне дейін беріледі.
ҚР азаматтарының қалауы бойынша жеке басты куәландыратын құжаттар да жеделдетілген тәртіппен ресімделген күнінен бастап үш жұмыс күніне дейін (Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында) және бес жұмыс күніне дейін (облыс орталықтарында) беріледі.
Жеке басты куәландыратын құжатты жеделдетілген түрде бергені үшін төлем банк мекемелері және кассалық операцияларды жүзеге асыратын өзге де ұйымдар арқылы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын ресімдеу үшін өтініш иесі уәкілетті органға:
1) мемлекеттік баж төленгені туралы құжатты (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарды ұсынады);
2) көлемі 3,5 х 4,5 сантиметр (қағаз бланкідегі формулярды ресімдеген кезде) екі фотосуретті;
3) мынадай құжаттардың біреуін:
- туу туралы куәлікті (16 жасқа дейін паспорт алған кезде);
- Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (паспортты ауыстырған кезде);
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін (16 жасқа толуына байланысты паспортты алғаш алған кезде);
- ішкі істер органдары беретін белгіленген нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданғаны туралы анықтаманы (Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдануына байланысты паспорт алған кезде);
- Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелері беретін қайта оралуға арналған куәлікті (шетелде уақытша болатындар Қазақстан Республикасы азаматының паспортын жоғалтқан кезде) жеке ұсынады.
Еске салайық, қаңтарда Ішкі істер министрлігі Қазақстанда 2024 жылға дейін міндетті түрде саусақ іздерін алуды (дактилоскопияны) тоқтатқан болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 16:36 2081
Қазақстанда балық аулауға тыйым салынды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Уылдырық шашу кезеңіне тыйым салынды
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстанның кейбір су айдындарында балық аулауға тыйым салды.
Балық ресурстары мен басқа да су жануарларының уылдырық шашу және көбеюі кезеңінде мынадай орындар мен мерзімдерде:
- Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта.
- Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 25 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары , сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын барлық өзендерінде және су ағындарында 5 сәуірден 20 мамырды қоса алғандағы аралықта;
- Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құяр сағалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 10 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 5 сәуірден 5 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Іле өзенінің барлық атырауында кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып 15 сәуірден 1 маусымды қоса алғандағы аралықта;
- Шарын өзенінің сағасынан Қытай Халық Республикасының (ҚХР) мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып, 25 наурыздан 5 шілдені қоса алғандағы аралықта балық аулауға тыйым салу енгізілсін.
Аталған бұйрықпен бекітілген Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану орындары мен мерзімдерінде:
1) кәсіпшілік емес балық аулау құралдарын қолдана отырып:
- Қапшағай СЭС бөгетiнен 6-шы балық қабылдау пунктіне (Аралтөбе ауылы) дейінгі Іле өзенінде 6 маусымнан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
- Іле өзенінің атырауында 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
- Шарын өзенінің сағасынан ҚХР мемлекеттік шекарасына дейінгі Іле өзенінде 6 шілдеден 24 наурызды қоса алғандағы аралықта.
2) Кәсіпшілік емес аулау құралдарын қолдана отырып Балқаш көліне құятын сағалардан ағыспен жоғарғы бағытта өзеннің жалпы ұзындығымен және оның негізгі сағалары, сондай-ақ Балқаш көлінің ішкі бағыттарында және екі жақтағы 5 км кеңістіктегі сағаларды, жылғаларды және жайылымдарды қоса алғанда, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінде 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
3) Балқаш көлінің батыс бөлігінде, Алакөл шығанағының оңтүстік шетінен Ұзынарал түбегіне дейін 2 маусымнан 14 сәуірді қоса алғандағы аралықта. Балқаш көлінің шығыс бөлігінде Ұзынарал түбегінен Аягөз өзенінің сағасына дейін 9 маусымнан 24 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
4) Қапшағай су қоймасында және оған келіп құятын өзендерде және су ағындарында 21 мамырдан 4 сәуірді қоса алғандағы аралықта;
5) Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінде және олардың құймалары мен шығанақтарында, Үржар, Бесқопа, Ырғайты, Теректі, Тентек, Қатынсу, Емел, Ұялы, Қаракөл, Жіңішкесу, Шынжылы өзендерінде 2 маусымнан 9 сәуірді қоса алғандағы аралықта пайдалану орындары мен мерзімдері белгіленеді.
Бұйрық 2023 жылғы 9 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, кеше Атырау облысында браконьерлерден 400 келіден астам бекіре балығы тәркіленді. Олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін Маңғыстау облысында полицейлер 120 келіден астам бекіре тәркілеген.
Биыл Каспий маңы елдері бекіре балық аулауға мораторий мерзімін ұзартты. Балық аулауды тек ғылыми-зерттеу мақсатында жүргізу жоспарлануда.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 12:37 2581
Премьер-Министр Қазақстан Үкіметінің алдағы жұмыс жоспарлары туралы айтты
Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады
Достарға айту
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Үкіметтің алдағы жұмыс жоспары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
Ең алдымен, біз Мемлекет басшысының Сайлауалды бағдарламасын және "Amanat" партиясының бағдарламасын іске асырамыз. Сонымен бірге басқа да партиялар мен депутаттардың, бизнес-қауымдастықтар мен азаматтардың сындарлы ұсыныстарын ескеретін боламыз", - деді Премьер-Министр.
Ол орта мерзімді кезеңде экономиканың өсімін 5%-ға дейін жеткізу, осы жылдың аяғына дейін инфляцияны 2 есе төмендету - аса маңызды міндет екенін атап өтті.
Премьер-Министрдің айтуынша, кәсіпкерлікті қолдау және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі кешенді шаралар, сондай-ақ бизнестің түйткілді мәселелерін шешу, халықты жұмыспен қамту және азаматтарымыздың нақты табысын өсіру - негізгі бағыттардың бірі.
Экономиканы әртараптандыруға, ішкі нарықты отандық тауарлармен қамтамасыз етуге және қосылған құны жоғары шикізаттық емес тауарлар өндірісін ұлғайтуға басымдық беріледі.
Ел экономикасына, бірінші кезекте, өңдеуші салаларға ауқымды инвестициялар тарту бойынша шаралар қабылданады. Ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кешенді жұмыс атқарылады", - деді Премьер-Министр.
Сонымен қатар энергетика саласын дамыту және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері өте маңызды.
Ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. "Тариф орнына - инвестиция" бағдарламасын іске асыру электр және коммуналдық желілердің тозуын төмендетуге мүмкіндік береді. "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту кеңейтіледі", - деді Әлихан Смайылов.
Көлік және логистика саласында, Премьер-Министрдің айтуынша, өткізу қабілетін арттыруға және халықаралық дәліздерді дамытуға басымдық беріледі.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларында қызметтердің тиімділігі мен сапасын жақсарту, сонымен қатар цифрландыруды әрі қарай жалғастыру және мемлекеттік бірыңғай цифрлық платформаны енгізу біздің жұмысымыздың маңызды бағыттары болады.
Үкіметтің алдында қойылған міндеттерді шешу үшін тиісті шаралар қабылданады. Парламент депутаттарымен өзара бірлесіп, үйлесімді және нәтижелі жұмыс жасаймыз деп сенім білдіремін", - деп сендірді Әлихан Смайылов.
Еске салайық, Смайылов қайтадан ҚР Премьер-Министрі қызметіне кірісті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 11:51 7871
Смайылов қайтадан Қазақстанның Премьер-Министрі қызметіне кірісті
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мәжілістің 82 депутаты ұсынылған кандидатураға өз дауыстарын берді, жетеуі қарсы болды және сегіз депутат қалыс қалды
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мәжіліс депутаттары Әлихан Смайыловтың Қазақстан Премьер-Министрі лауазымына кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Мәжілістегі пленарлық отырыста сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың Премьер-Министр лауазымына кандидатурасын ұсынды.
Дауыс беру барысында Мәжілістің 82 депутаты ұсынылған кандидатураға өз дауыстарын берді, жетеуі қарсы болды және сегіз депутат қалыс қалды.
Мемлекет басшысы Смайыловты ҚР Премьер-Министрі қызметіне қайта тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Әлихан Асханұлы Смайылов 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін "қолданбалы математика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
1996 жылы - ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993-1999 жылдары - "А-Инвест" инвестициялық-жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; ҚР Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған.
1999-2003 жж. - ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2003-2006 жж. - ҚР сыртқы істер вице-министрі, "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқарма төрағасы.
2006-2009 жж. - ҚР қаржы вице-министрі, "ҚазАгро" ҰБХ президенті.
2009-2014 жж. - ҚР Статистика агенттігінің төрағасы.
2014-2015 жж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика жөніндегі комитетінің төрағасы.
2015-2018 жж. - ҚР Президентінің көмекшісі.
2018 жылғы қыркүйектен бастап 2019 жылғы ақпанға дейін - Қаржы министрі.
2019 жылғы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасары - Қаржы министрі қызметіне тағайындалды. 2021 жылы 18 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен осы қызметіне қайта тағайындалды.
2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.
2023 жылғы 30 наурызда ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Премьер-Министрі лауазымына қайта тағайындалды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 11:42 8061
Тоқаев ағымдағы жылы инфляция деңгейін екі есе төмендетуге тапсырды
Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды, деді Президент
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде ағымдағы жылы елдегі инфляция деңгейін екі есеге төмендетуге тапсырды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Биыл оны кемінде екі есеге төмендету керек. Ең алдымен, азық-түліктің бағасын реттеу аса маңызды. Сол себепті агроөнеркәсіп кешенін және сауда-саттықты дамыту - негізгі басымдықтың бірі. Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен барынша қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру керек", - деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, аумақтық саясаттың жан-жақты ойластырып жүргізу, адам капиталының сапасын дәйекті әрі жүйелі түрде арттыру және мемлекеттік аппараттың жұмысын қайта қарап, оны жаңғырту мәселелеріне тоқталды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы 1 қыркүйектен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға берілетін жәрдемақыны көбейтуді тапсырған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.03.2023, 10:36 8231
Қазақстан Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды
Президент ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды
Сурет: Primeminister.kz
Достарға айту
Астана. 30 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және "AMANAT" партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысына "AMANAT" партиясының атынан Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.
Естеріңізге сала кетейік, Президент Мәжіліс сайлауында жеңіске жеткен партияға ел Премьер-Министрі лауазымына кандидатура ұсынуға мүмкіндік берді.
30.03.2023, 11.45 толықтырылды
Мәжілістегі пленарлық отырыста сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловтың Премьер-Министр лауазымына кандидатурасын ұсынды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.03.2023, 12:47 10641
Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды
Мәжілістің вице-спикерлері болып депутаттар Альберт Рау мен Дания Еспаева сайланды
Сурет: akorda.kz
Достарға айту
Астана. 29 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Мәжілісмендер Палатаның жаңа төрағасын сайлау процесіне көшті, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Депутат Бақтықожа Ізмұхамбетов Мәжіліс төрағасына Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынды.
Сайлау тікелей жасырын дауыс беру арқылы өтеді. Ол үшін депутаттар арасынан Санақ комиссиясы құрылды. Ол дауыс беру барысы мен дауыстарды санауды қадағалайды.
29.03.2023, 12.48 толықтырылды
Дауыс беру қорытындысы бойынша VIII сайланған Мәжіліс спикері болып "АМАNАТ" партиясының төрағасы Ерлан Қошанов сайланды.
Сондай-ақ, депутаттар палатаның қос вице-спикерін сайлады. Спикер Ерлан Қошанов әріптестеріне Альберт Рау мен Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсынды. Дауыс беру ашық форматта өтті. Мәжілісмендер палата төрағасының ұсынысын қолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.03.2023, 11:02 10881
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жәрдемақылар 14,5%-ға өседі
Достарға айту
Елімізде "Қазақстанның халық әртісі" атағы қалпына келтіріледі
Астана. 29 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясы барысында ерекше қажеттіліктері бар адамдарды әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және спорт мәселелерін қозғады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде осы санатқа кіретін 700 мыңнан астам адам бар. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы оларға оңай тиіп отырған жоқ.
Біз ерекше қажеттілігі бар адамдарды және олардың күтушілерін қолдау шараларын күшейтуіміз қажет. Сондай-ақ асыраушысынан айырылған азаматтар назардан тыс қалмауы керек. Осы орайда Үкіметке аталған санаттағы адамдардың жәрдемақысын орта есеппен 14,5 пайызға көбейтуді тапсырамын. Мұны биылғы 1 қыркүйектен бастап қолға алу қажет", - деп тапсырды Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Президент зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға айрықша көңіл бөлу керек екенін айтты. Осындай жұмысшыларға арнайы төлем төлеу мәселесін ойластырған жөн. Бұл ретте еліміздегі және халықаралық тәжірибені мұқият зерделеу маңызды.
Мемлекеттік көмек әлеуметтік қатердің салдарын жоюға емес, оның алдын алу үшін берілуі қажет. Парламент пен Үкімет осы бағытта бірлесе жұмыс істеуі керек. Қазақстан халық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттары әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене атсалысады деп сенемін", - деді Тоқаев.
Сонымен бірге, Президент өз сөзінде денсаулық сақтау саласының бүгінгі жай-күйі көптеген сын тудыратынын атап өтті.
Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға көп көңіл бөлу қажет. Олардың әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалмауға тиіс. Осыған қатысты арнайы заң жобасы Парламентте бір жылға жуық талқыланды. Бұл құжатта, негізінен, дәрігерлердің жауапкершілігін сақтандыру ғана көзделген", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы салауатты өмір салтын насихаттау мен бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын айта отырып, азаматтар үшін қарапайым әрі қолжетімді спорт нысандарының тапшылығын атап өтті.
Оның айтуынша, спорт ғимараттарының басым бөлігі мемлекет меншігінде. Оларды күтіп ұстауға бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді. Спорт саласын өркендетуге жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, меценаттардың және жарнама берушілердің әлеуетін пайдалану қажет. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәсілін кеңінен қолдану керек.
Президенттің айтуынша, тағы бір маңызды мәселе бар. Мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек. Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр. Бұл құжат еліміздің мәдени мұрасын сақтау, насихаттау және ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде шешуші рөл атқарады деп сенеді Тоқаев.
Шығармашыл зиялы қауым көпшіліктің көңілінен шығатын, мемлекеттің мүддесіне сай келетін туындылар ұсынады деп үміттенемін. Осы ретте креативті индустрияға жүйелі қолдау көрсету өте маңызды", - деді Тоқаев.
Сөз соңында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстанның халық әртісі" атағын қайта қалпына келтіру туралы шешім қабылдады.
Биыл қазан айында - Республика күнінде осы атаққа лайықты мәдениет қайраткерлерінің алғашқы тобы марапатталады", - деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
30.03.2023, 10:36Қазақстан Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды 30.03.2023, 11:42 7701Тоқаев ағымдағы жылы инфляция деңгейін екі есе төмендетуге тапсырды30.03.2023, 11:51 7511Смайылов қайтадан Қазақстанның Премьер-Министрі қызметіне кірісті30.03.2023, 08:49 5311Алматыда автобустардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша сот процесі жалғасуда30.03.2023, 09:10 5146Алматыда әлеуметтік желідегі заңсыз құмар ойындарды ұйымдастырушылар сотталды
24.03.2023, 08:22 40616Қазақстан Президенті Катар әмірімен телефон арқылы сөйлесті24.03.2023, 11:17 39431Президент Румыния мен Словениядағы елшілерді тағайындады24.03.2023, 17:03 34311Қазақстанда тұрғын үйлерді басқарудың жаңа түрі енгізілуде24.03.2023, 10:08 32726Еңбек министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін атады24.03.2023, 10:16 31206Қазақстанда үй жануарларын серуендету және ұстау қағидалары өзгертіледі
03.03.2023, 11:22 90246Астанада заңсыз салынған 76 құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды03.03.2023, 10:34 86671Қазақстанда банкроттыққа өтінімдерді қабылдау басталды02.03.2023, 12:45 86601Қаржы министрлігі доллардың құлдырауына байланысты бағаның төмендеуін болжап отыр20.03.2023, 10:09 80826Президент Салық кодексіне енгізілген түзетулерге қол қойды03.03.2023, 10:04 80396Дизель отынының бағасы бір жылда 16%-ға өсті