13.07.2022, 16:04 9536

Елордалық соттың жаңа төрағасы тағайындалды

Ақан Жұмағұлов Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы болып тағайындалды.
Елордалық соттың жаңа төрағасы тағайындалды
Сурет: facebook/Нұр-Сұлтан қаласының соты
НҰР-СҰЛТАН. 13 ШІЛДЕ - Ақан Жұмағұлов Нұр-Сұлтан қаласы сотының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұрын Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған Ақан Жұмағұлов Президенттің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен елорданың қалалық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды.
 
Жоғарғы Сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов осы Жарлықпен тағайындалған аудандық соттардың төрағалары мен елордалық қалалық соттың судьяларын да таныстырды.
 
Осылайша, Есіл аудандық сотының төрағасы болып Алмас Сәлімов, Есіл ауданының №2 аудандық сотының төрағасы болып - Дәуренбек Даумов тағайындалды. Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы лауазымына Айбек Әмірғалиев, Гүлнәр Дәулешова, Анар Кәрімова тағайындалды.
 
Естеріңізге сала кетейік, 3 маусымда ҚР Президентінің Жарлығымен отставкаға кетуіне байланысты Нұр-Сұлтан сотының төрағасы Тілектес Бәрпибаев қызметінен босатылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны