Система Orphus

Қазақстанда бассейндер, моншалар мен хостелдерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бекітілді

02.08.2022, 19:11 27481
Қазақстанда бассейндер, моншалар мен хостелдерге санитарлық-эпидемиологиялық талаптар бекітілді
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 2 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар бекітілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес, тұрғын үй-жайларды жертөледе және цокольдық қабаттарда орналастыруды қоспағанда, қонақүйлерді, хостелдерді жобалау және орналастыру бөлек тұрған ғимараттарда, жеке кіретін есігі болған жағдайда көп функционалды ғимараттардың және көппәтерлі тұрғын үйлердің құрамында орналастыру көзделеді.
 
1-2 жұлдызды санаттағы сыйымдылығы 30 орынға дейінгі қонақүйлер үшін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес басқа кәсіпорындармен және мекемелермен біріктірілген кіреберістер мен коммуникациялар көзделеді.
 
Қоқыс құбыры бар болған жағдайда, қоқыс құбырының өзегі құрылыс конструкцияларынан ауа өткізбейтін және дыбыс өткізбейтін материалдармен жабдықталады және адамдар тұрақты болатын тұрғын және қызметтік үй- жайлармен жанаспайды. Қоқыс жинау камерасын тұрғын бөлмелердің немесе олармен іргелес және үнемі адамдар болатын үй-жайлардың астына орналастыруға рұқсат етіледі.
 
Қонақүй бөлмелерінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер талаптарына сәйкес санитариялық тораппен, гардеробпен көзделеді.
 
Хостелдер 15 адамға кемінде 1 дәретхана кабинасы және 1 қол жуғыш, 1 себезгі кабинасы есебімен санитариялық тораппен қамтамасыз етіледі.
 
Хостелде асхана, асүй, өз-өзіне қызмет көрсету әдісімен тамақ ішуге және дайындауға арналған бөлмелер жабдықталады, олар жабдықпен, мүкаммалмен, асүй және асхана ыдыстарымен, азық-түлік пен жуу құралдарын сақтауға арналған ыдыстармен жарақталады.
 
Сонымен қатар, құжатта моншалар мен сауналарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы айтылады.
 

Моншалар мен сауналар көп функционалды ғимараттарда орналасқан кезде қабатаралық жабындар будан, жылудан, ылғалдан және дыбыстан оқшаулауды қамтамасыз етеді. Монша және сауна үй-жайларының құрамына: санитариялық тораптар, жуынып-шайыну, себезгі бөлмелері, бу қабылдау бөлмесі, жуу және дезинфекциялау құралдарын, жинау мүкәммалын сақтауға арналған, жұмыскерлерге арналған тұрмыстық бөлмесі немесе орыны кіреді", - делінген мәтінде.

 
Моншаларда ауа айналымынсыз ішке сору желдеткішімен біріктірілген ауа арқылы жылумен жабдықтау құрылғысын орнатуға рұқсат етіледі. Моншаларда сору-сыртқа тарату желдеткіші көзделеді.
 
Бу қабылдау үй-жайларында ауа температурасын бақылауды жүзеге асыру мақсатында термометр көзделеді.
 
Құжаттың толық мәтінімен сілтеме бойынша танысуға болады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны