02.09.2022, 16:26 29711

Президент сайлауының мерзімі мен Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы әділет вице-министрі айтып берді

Алдағы кезектен тыс президент сайлауы биыл қараша айында өткізілуі мүмкін.
Президент сайлауының мерзімі мен Конституцияға енгізілетін түзетулер туралы әділет вице-министрі айтып берді
НҰР-СҰЛТАН. 2 ҚЫРКҮЙЕК - Әділет вице-министрі Алма Мұқанова алдағы күзде мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай мерзімге сайлануы мүмкін екенін түсіндірді. 
 
Журналистер вице-министр Алма Мұқановадан күзде өтетін кезектен тыс президент сайлауында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қандай мерзімге сайлануы мүмкін екенін сұрады. 
 

Тиісті заң жобасы парламентке қыркүйекте енгізіліп, қазан айында қабылданды делік. Ал сайлау қарашаға белгіленсе, Конституцияға өзгерістер енгізетін заңда жаңа норма қол қойған күннен бастап күшіне енеді делінсе, онда жаңа сайланған президент Конституцияның жаңа баптарын басшылыққа алады. Яғни жеті жылға және бір мерзімге сайланады", - деп түсіндірді Мұқанова.

 
Вице-министр заң бойынша сайлауға дайындалуға екі ай берілетінін айтты. Сол себепті алдағы кезектен тыс президент сайлауы биыл қараша айында өткізілуі мүмкін.
 
Айта кетсек, Конституцияның қолданыстағы нормасына сәйкес, президент өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды. 1 қыркүйекте ел халқына жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік мерзімді 7 жылға дейін ұзартуды және бір мерзімге ғана сайлауды ұсынды. Яғни қайта сайлануға тыйым салынады.
 
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін жариялады
 
Ақпарат көзі: stan.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны