14.10.2022, 19:19 37886

Ресей мен Орталық Азия елдері алауыздықты қоздыруға жол бермеуге келісті

Ресей мен Орталық Азия елдері алауыздықты қоздыруға жол бермеуге келісті
Сурет: РИА Новости / Рамиль Ситдиков
Астана. 14 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Ресей мен Орталық Азия елдерінің президенттері ұлттық, тарихи, мәдени, тілдік немесе діни негізде алауыздықты өршітуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға келісті.
 

Жалпыадамзаттық құндылықтар мен қоғам бірлігіне қауіп төндіретін қазіргі заман сын-қатерлерінің өсуіне алаңдаушылық білдіреміз. Біз ұлттық, тарихи, мәдени, тілдік немесе діни негіздерде алауыздықтың өршуіне жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдаймыз", - делінген "Ресей - Орталық Азия" бірінші саммитінің қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының мәлімдемесінде, деп хабарлайды РИА Новости.

 
Бұған дейін "Орталық Азия - Ресей" саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік қауіпсіздікті күшейту жөнінде шаралар әзірлеуді ұсынған болатын.
 
Сондай-ақ, ҚР Президенті өңірдегі достықты, тату көршілікті және стратегиялық әріптестікті сақтау қажеттігі туралы айтты.

Ақпарат көзі: ria.ru
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны