21.10.2022, 18:53 8801

Қазақстанда Президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды

Қазақстанда Президенттікке кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті басталды
Астана. 21 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - 21 қазан, жұма күні, Президенттік сайлауға кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.
 
Келесі кезең – сайлау науқаны. 19 қараша – сайлау алдындағы үнсіздік күні.
 
Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлауына алты кандидат тіркелді.
 
  1. Тоқаев Қасым–Жомарт Кемелұлы - "AMANAT" партиясы, "Қазақстан Халық партиясы", "Ақ жол" ҚДП, сондай-ақ бірқатар республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынды.
  2. Қажыкен Мейрам Зекешұлы - "Аманат" Қазақстан республикалық кәсіподақтар достастығы" ұсынды.
  3. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы - "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
  4. Әбден Қарақат Жақсылыққызы - "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
  5. Тұрсынбекова Салтанат Пархатқызы - "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.
  6. Әуесбаев Нұрлан Сатыбалдыұлы - "Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынды.
 
Қазақстан Президентінің мерзімінен бұрын сайлауы 20 қарашада өтеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны