03.11.2022, 14:28 33916

Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құзыреті күшейтіледі - Сенат заң қабылдады

Омбудсмен өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қандай да бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан тәуелсіз болады және есеп бермейді.
Астана. 3 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" конституциялық заңды мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
 
 "Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы" конституциялық заңның нормалары бойынша, омбудсмен өз өкілеттігін жүзеге асыру кезінде қандай да бір мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан тәуелсіз болады және есеп бермейді.
 
Сондай-ақ уәкіл өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы куә ретінде жауап алуға жатпайды.
 
Уәкілдің мұндай мәртебесі бұзылған құқықтарды қорғауда қазақстандықтардың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге мүмкіндік береді.
 

Бұл заңда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен оның қызметін ұйымдастыру мәселелері айқындалған. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл қызметінің негізгі міндеті адам мен азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге жәрдемдесу. Омбудсмен институтын нығайту Президентіміздің бастамасымен құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет құру үшін қолға алынған саяси реформалардың маңызды бөлігі", – деді Палата Спикері Мәулен Әшімбаев.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны