26.11.2022, 13:20 13046

Қазақстан Президенті бірқатар Жарлықтарға қол қойды

Қазақстан Президенті бірқатар Жарлықтарға қол қойды
Сурет: Ақорда
Астана. 26 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар Жарлықтарға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Жарлыққа қол қойды.
 
Сондай-ақ, Президент "Қазақстан Республикасы Президентінің "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" және "Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы" Жарлықтарға қол қойды.
 
Бұған дейін Президент бүгін заңсыз шығарылған капиталды қайтару және Парламенттік сайлау туралы Жарлықтарға қол қоятыны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны