01.12.2022, 09:20 36636

Тоқаев ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Цзян Цзэминнің қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдады
Астана. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының бұрынғы Төрағасы Цзян Цзэминь мырзаның өмірден озғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.
 

Цзянь Цзэминьді Қытайдың дамуы мен халықаралық қауымдастықтағы мерейін арттыру жолында риясыз қызмет еткен еліңіздің көрнекті перзенті ретінде жақсы білеміз. Екі ел арасындағы берік достықты нығайтуға сүбелі үлес қосқан тұлға ретінде оның жарқын бейнесін халықтарымыз жадында мəңгі сақтайды", - деп жазылған жеделхатта.

 
Президент жеделхатта Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан оның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша Қытай халқына көңіл айтты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны