14.12.2022, 12:05 18661

Қазақстанда әскери полицияның өкілеттігі кеңейтіледі

Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қызметтік орын қалдырғаны үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қаупі төнеді
Астана. 14 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Мәжіліс депутаттары Палата отырысында бірінші оқылымда "Әскери полиция органдары туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.

 "Әскери полиция органдары туралы" заң жобасы мен ілеспе түзетулер ҚР Қарулы Күштерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық ұланының әскери полиция органдарының, мәртебесін, құзыретін, қызметін ұйымдастыру мен тәртібін айқындауға бағытталған.

Әскери полицияның міндеті, құзыреті, құрылымы, өкілеттігі, өзара іс-қимыл жасауы өзгертіліп, функциясын заңмен бекіту көзделеді. Әскери полиция органының әлеуетті ведомствоға қатыстылығы, бағыну тәртібі, олардың өзара және басқа да мемлекеттік органмен іс-қимыл жасау тәртібі реттеледі. Бірдей қолданып түсіну үшін "қызметкер" ұғымы "әскери қызметші" ұғымымен ауыстырылады. Әскери полиция органының саяси партиядан дербес болу принципі енгізіледі. Қаруды, арнайы құралды, адам күшін қолдану регламенттеледі", - деді жоба жөнінде баяндама жасаған ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов.


Заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, мәжілісмен Константин Авершиннің айтуынша, ілеспе заң жобасында екі кодекс пен төрт заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Олардың бірі бойынша Президент пен Қорғаныс министрлігі әскери жоспарлау жүйесін бекітуге және дамытуға өкілетті.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны