31.12.2022, 11:19 51761

ҚР Президенті Конституциялық Соттың судьяларын тағайындады

ҚР Президенті Конституциялық Соттың судьяларын тағайындады
Конституциялық Сот қаңтар айында жұмысын бастайды

Астана. 31 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциялық Сотының судьяларын тағайындады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
 
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
 
Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы болып 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды;
 
Айжан Ержанқызы Жатқанбаева Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;
 
Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды;
 
Роман Анатольевич Подопригора Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап тағайындалды.
 
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Конституциялық Сот қаңтар айынан бастап жұмысын бастайды. Бұрынғы әділет министрі Қанат Мусин Конституциялық Соттың судьясы болды. 30 желтоқсанда Мәжіліс депутаттары Конституциялық Соттың судьялары лауазымына Қанат Мусиннің, сондай-ақ Еркін Оңғарбаев пен Сергей Ударцевтің кандидатураларын қолдады. Олар 2023 жылдың 1 қаңтарында қызметке кіріседі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны