18.01.2023, 15:49 23766

Антикор өңірлік департаменттердің басшылары есептік баяндамалар кезінде цифрлық көрсеткіштерді пайдаланбайтын болады

Facebook әлеуметтік желісінде басшылардың жеке аккаунттары ашылды
Антикор өңірлік департаменттердің басшылары есептік баяндамалар кезінде цифрлық көрсеткіштерді пайдаланбайтын болады
Сурет: gov.kz
Астана. 18 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменттердің басшылары есептік баяндамалар кезінде цифрлық көрсеткіштерді пайдаланбайтын болады, деп хабарлайды Антикордың баспасөз қызметі.

Тек нақты істер, халықтың өзекті мәселелерін шешу, залалдың алдын алу. Жаңа тәсіл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов.


Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аумақтық департаменттері басшыларының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидатын, сондай-ақ ашықтық пен есептілікті сақтай отырып, Facebook әлеуметтік желісінде басшылардың жеке аккаунттары ашылды.

Желінің әрбір пайдаланушысы тиісті басшыға хабарласып, өз сұрақтарын қоя алады", - деп қосты баспасөз қызметінде.


Бұған дейін Антикор жұмысындағы жаңа басымдықтар белгілі болғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны