07.02.2023, 18:25 19151

Қазақстанда "Тальго" пойыздарын тексеру күшейтіледі

Қазақстанда "Тальго" пойыздарын тексеру күшейтіледі
Себебі өрт қауіпсіздігі талаптарының тұрақты бұзылуы болды

Астана. 7 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Көлік комитеті наурыз айынан бастап "Тальго" жолаушылар пойыздарын қалыптастыру пункттерінде профилактикалық және бақылау тексерулерін күшейтуге ниетті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің баспасөз қызметі.
 

Кейінгі 3 жылда жолаушылар тасымалына арналған Patentes Talgo S.L. компаниясының өнімі саналатын жүрдек пойыздарда техникалық вагондардың өртенуіне қатысты 3 жағдай тіркелген. Бұл келеңсіз оқиғалардың орын алуына жылжымалы құрам иелерінің өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтамауы себеп болған. Мәселен, былтыр ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері өрт қауіпсіздігінің талаптарына байланысты 100-ден артық бұзушылықты анықтап, нәтижесінде 2 млн теңгеден аса қаражатқа әкімшілік айыппұл салынып өндірілген", - деп хабарлады комитет.

 
Көліктік бақылау органдары "Аршалы - Анар" учаскесінде Петропавл - Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының техникалық вагонындағы өрттің шығуына байланысты кейінгі оқиғаны ескеріп, Patentes Talgo S.L. жолаушылар пойыздарына профилактикалық бақылау жұмыстарын күшейтуді ұйғарды.
 
Осы ретте теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау саласында қандай да бір өрескел бұзушылықтар байқалса, ҚР ИИДМ Көлік комитетіне қарасты Ахуал орталығының WhatsApp-ғы нөміріне: +7 708 088 08 00 немесе 98-35-35 нөмірі бойынша сенім телефонына хабарласып, тиісті ақпаратты жеткізуге болатынын еске салды.
 
Кеше техникалық себептер бойынша Алматы-2 - Шымкент қатынасымен № 25/26 "Тальго" жолаушылар пойызының жүруі бір рейске тоқтатылды.
 
4 ақпанда Петропавл - Алматы пойызы вагондарының бірінде өрт болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны