07.03.2023, 14:06 29491

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы тағайындалды

Ішкі істер министрі Министрліктің басшы құрамына комитеттің төрағасын таныстырды
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы тағайындалды
Сурет: Polisia.kz
Астана. 7 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы болып Қайсар Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
 
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Министрліктің басшы құрамына Әкімшілік полиция комитетінің төрағасын таныстырды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы қызметіне полиция полковнигі Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев тағайындалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
 
Қайсар Әбілекұлы Сұлтанбаев өткен жылдың қыркүйек айынан бастап ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының міндетін атқарды. Ведомство басшысы жаңа басшының әртүрлі жауапты лауазымдардағы үлкен жұмыс тәжірибесін, сондай-ақ оның жоғары кәсібилігін атап өтіп, жаңа жұмыс орнында табыс тіледі.
 
Министр жаңа басшыны таныстыра отырып, қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, полиция жұмысының адамға бағытталған моделіне көшудің және полиция қызметіне сервистік тәсілдерді енгізудің маңыздылығын атап өтті.
 
Бұған дейін Қазақстанда қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін жауапкершілік күшейтілгені хабарланған болатын. 6 наурыздан бастап мұндай әрекеттер үшін 69 мың теңге айыппұл түріндегі жаза және 5-тен 15 тәулікке дейін қамауға алу көзделетін болады.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz 
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны