09.03.2023, 13:52 32576
Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерге шақырғаны үшін жазаны қатаңдатуға ниетті
Сурет: facebook/Сергей Алексеенок
Достарға айту
Сондай-ақ, қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизм үшін санкциялар күшейтіледі
Астана. 9 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елімізде жаппай тәртіпсіздікке шақырған адамдарға қатысты санкциялар күшетілетінін айтты.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында "ҚР Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.
Осы орайда мыналар үшін санкцияларды күшейту көзделген:
- жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру (ҚК 272-бабының 1-бөлігі, 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру), оның ішінде телекоммуникация желілерін пайдалана отырып (ҚК 272-бабының 2-бөлігі, құқық бұзушылықтың жаңа құрамы-3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру) шақыру;
- қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық (ҚК 293-бабының 3-бөлігінен 4-бөлігіне, 5-тен 7-жылға дейін бас бостандығынан айыру).
Қылмыстық топтың құрамында жасалған кісі өлтіру мен бандитизм үшін санкциялар күшейтіледі. Мұндай адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігін болдырмау көзделіп отыр", - деді министр.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілер министрге "жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты норманы қатаңдату митингі туралы заңға қайшы келмей ме" деген сұрақ қойды.
Бейбіт жолмен өзінің позициясын айтуға келген азаматтарды полиция жаппай тәртіпсіздік бойынша қамауға алуы мүмкін бе", - деп сұрады тілшілер.
Өз кезегінде М. Ахметжанов заңда жаппай тәтіпсіздікке шақырған кезде ғана жауапкершілік қарастырылатынын айтты.
Құжатта митинг туралы сөз мүлдем жоқ. Митингі мен жаппай тәртіпсіздікті ажырата білу керек. Нысандарды қирату, өрттеуге қатысты интернет арқылы үндеу тарататын болса, осы әрекеттерге жауапкершілік ескерілген", - деді министр.
Ақпарат көзі: inform.kz
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
27.09.2023, 18:08 18056
Астана қаласы ТЖ департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Сурет: ТЖМ
Достарға айту
ТЖ министрі жеке құрамға Астана қаласы ТЖ департаменті бастығын таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметіне Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков тағайындалды.
Министр елордалық гарнизонның жаңа бастығын құттықтап, халық арасында қауіпсіздік мәдениетін насихаттау бағытын ерекше атап өтіп, қызметті жетілдіру бойынша міндеттер қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2023, 17:14 19796
Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқару жөніндегі израилдік тәжірибені қолдану перспективалары қолға алынбақ
ҚР Үкіметі серіктестікті кеңейтуге және Израилмен көпқырлы өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға үлкен мән береді
Достарға айту
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен "Израиль-Қазақстан" сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Михаэль Роэ Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқару жөніндегі израилдік тәжірибені қолдану перспективаларын талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Кездесу барысында суару тиімділігін арттыру, суды үнемдеу, тамшылатып суарудың заманауи технологияларын енгізу, аграрлық ғылымды дамыту, сондай-ақ мал шаруашылығында, сүт өндіруде және құс шаруашылығында жаңа тәсілдерді қолдану мәселелері жан-жақты талқыланды.
Әлихан Смайылов ҚР Үкіметі серіктестікті кеңейтуге және Израилмен көпқырлы өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға үлкен мән беретінін баса айтты. Атап айтқанда, ол елдің ауыл шаруашылығы саласындағы үздік жетістіктері қызығушылық тудыруда.
Біз израилдік технологияларды зерттеуге және оларды агроөнеркәсіп кешенін дамытуға серпін беру үшін тартуға дайынбыз. Суару және су үнемдеу мәселелері де өте өзекті. Біз мемлекеттің осы салаға бағыттап отырған қаражатының тиімділігін арттырып, нақты нәтижелерге қол жеткізгіміз келеді", - деді Премьер-Министр.
Бұл ретте, ол әрбір деңгейді жеке қарап, қажетті түзетулер енгізіп отыру үшін бүкіл өндірістік циклді ескеру маңызды екенін айтты.
Мысалы, агрегаттар құрастыру, машина жасау және басқа да жабдықтарды өзімізде шығару үшін мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары болуы керек, ғылым, білім және өндіріс салаларынан қандай қолдау қажет болады. Мұның барлығын кешенді түрде қарастыру керек. Біз бұл бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", - деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Михаэль Роэ Қазақстанның ішкі нарық қажеттіліктерін толығымен өтеуге әлеуеті жеткілікті екенін және АӨК-ті дамытудың кешенді тәсілі арқылы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қоса алатынын атап өтті.
Ол Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында израилдік агротехнологиялар мен су ресурстарын басқару әдістерін қолдануға кешенді қолдау көрсетуді ұсынды.
Кездесу қорытындысына сәйкес тәжірибе алмасу және барлық айтылған мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жақын арада ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ кездесуге ирригация және су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов пен ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2023, 16:55 20336
Қазақстан Орталық Азия мен Каспий өңірінде толыққанды көлік-логистикалық хаб болуға ниетті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Орталық Азия мен Каспий өңірінде толыққанды көлік-логистикалық хаб болуға ниетті, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысы осындай міндет қойды және оны іске асыру үшін еліміздің айналасында, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Каспий шекараларында көлік-логистикалық және сауда тораптары құрылуда. Осы желіні құру бойынша жұмыс барысын бақылау үшін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, инвесторлар өкілдерімен, осы ірі жобалар іске асырылып жатқан өңірлердің әкімдіктерімен жедел штаб отырысын өткізді.
Каспий торабында "Саржа" көпфункционалды теңіз терминалын салу жобасы толық қарқынмен және белгіленген мерзімде жүріп жатыр. Терминалдың қуаты - жылына 10 млн тонна, аяқталуы - 2030 жыл. Жоба аясында қуаты 1,5 млн тонна астық терминалы, қуаты 1 млн тонна жалпы жүк терминалы, қуаты 2 млн тонна әмбебап терминал, қуаты 5,5 млн тонна сұйық жүк терминалы және көлік-логистикалық орталығы (КЛО) салынады. КЛО, астық терминалы, жерүсті инфрақұрылымы құрылысының алғашқы кезеңдері аяқталды. "Ақтау" және "Құрық" порттарында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды.
Semurg invest" ЖШС өкілі жалпы жүктердің терминалы жұмыс істеуге толық дайын екенін айтты: жақында алғашқы 10 вагон қабылданып, барлық қажетті теміржол салынып, кеме айлағы бар пирстер пайдалануға берілді. Мұның бәрі 2023 жылы Каспий маршрутының экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Серік Жұманғарин кеңесте атап өткендей, Каспий көлік торабының жобасы Мемлекет басшысының Челябинск қаласынан Иранға Қазақстан арқылы тез жүретін пойыздарға арналған теміржол магистралін салу туралы тапсырмасымен бірге қаралуы тиіс.
Аталған магистральдің құрылысы - Еуразия кеңістігіндегі ауқымды кооперациялық жоба. Ол үшін "Бейнеу - Маңғыстау" теміржол желісінің және "Бейнеу - Шалқар" автомагистралінің учаскесіндегі "тар жерлерді" реконструкциялау қажет. Келесі кеңеске ҚТЖ Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, "Орск-Болашақ" теміржолының және оның инфрақұрылымының құрылысы бойынша нақты ұсыныстар дайындауы қажет. Біз тауарлардың кең номенклатурасы бойынша Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою алдында тұрмыз, біздің алдымызда Иранмен тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізу міндеті тұр. Жеткізілетін негізгі тауарлар азық-түлік болмақ. Qaztrade сауда саясаты орталығы өз тарапынан Иранға дейін астық экспорттаушыларды қолдау тетіктерін пысықтауы қажет", - деді вице-премьер.
Қырғызстанмен шекарада орналасқан "Алатау" индустриялық сауда-логистикалық кешенін (СЛК) индустриялық аймақ ретінде іске қосу жоспарланып отыр. Жамбыл облысы әкімінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысымен "Алатау" өңірлік индустриялық аймағы құрылды, 36 га жер учаскесі бөлінді, инвестор ТЭН әзірлеумен айналысып жатыр. Техникамен қамтамасыз ету және құрылыс үшін коммуникацияларды тарту мәселелері шешілді. Жақын арада кешен салу үшін инвестормен бірлесіп, басқарушы компания құрылатын болады. СЛК-ның іске қосылуы 2026 жылдың 2-тоқсанына жоспарланған.
Еуразия" трансшекаралық сауда орталығы (ТСО) ЕАЭО аумағында халықаралық экономикалық алаңға айналуға ниетті. ТСО Орал қаласының әуежайына іргелес аумақта орналасатын болады. Мұнда Орынбор, Саратов, Самараға және одан әрі Ресей Федерациясының ірі федералды округтері мен Шығыс Еуропа елдеріне шығатын жүк тасымалы үшін маңызды торап саналатын индустриалды аймақ (281 га) орналасқан. ТСО-дан басқа, агрологистикалық орталыққа (жол бойындағы қызмет көрсету және кедендік рәсімдеу нысандары бар сақтау, сауда, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы және азық-түлік логистикасы орталықтары) және авиакарго терминалына (жүк терминалы және халықаралық мультибрендтік фулфилмент-орталық) арналған аймақтар да қарастырылған. Бүгінгі таңда БҚО әкімдігі ТСО үшін индустриялық аймақтың инфрақұрылымын салу бойынша жұмыс жүргізуде. Құрылыс 2024 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.
Қорғас торабында Қытай және Азия-Тынық мұхиты азық-түлік нарықтарына экспорттау үшін қазақстандық және шетелдік өндірушілердің азық-түлік өнімдерін жинайтын, сақтап, әрі тарататын орынға айналатын азық-түлік хабын құру жоспарланып отыр. Бұл Қазақстан мен Қытайдың азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі қуатты көлік-логистикалық хабқа әртараптандыру аясында азық-түліктің саласының болашағы зор. Мұнда азық-түлікті, оның ішінде ерекше температуралық режимді қажет ететін тауарларды, атап айтқанда, теңіз өнімдерін, жемістер мен көкөністерді, ет-сүт және қатты мұздатылған өнімдерді сақтауға маманданған "А" деңгейіндегі заманауи азық-түлік хабын салу қажет. Қазіргі уақытта "Қорғас" ШЫХО аумағында оның құрылысы үшін ауданы кемінде 50 га жер учаскесі айқындалды.
Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин бес трансшекаралық хабты іске асыруға жауапты барлық органға дамудің егжей-тегжейлі тұжырымдамалары мен инфрақұрылым жүргізу жоспарларын дайындауды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2023, 16:29 21486
Тоқаев Түрікменстан президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Мемлекет басшысы өзара бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің көкжиегі кеңейіп, көпжақты қарым-қатынастың даму қарқыны арта түсетініне сенім білдірді
Достарға айту
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Сердар Бердімұхамедовті және Түрікменстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтап, құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қазақстандықтар Түрікменстанның зор жетістіктеріне шын ниетпен тілеулес және екі ел арасындағы ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, тату көршілік қатынастар мен жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға ерекше мән береді", - деп жазылған жеделхатта.
Мемлекет басшысы өзара бірлескен күш-жігердің нәтижесінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігінің көкжиегі кеңейіп, көпжақты қарым-қатынастың даму қарқыны арта түсетініне сенім білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Түрікменстан халқына бақ-береке тіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2023, 12:46 27961
Көлік министр "Қытай темір жолдары" директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті
Достарға айту
Еліміздің көлік министрі Марат Кәрімжанұлы Қарабаев "Қытай темір жолдары" директорлар кеңесінің төрағасы Лю Чжэньфан бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.
Сөз кезегінде қытай тарапы "Бір белдеу, бір жол" бастамасына қазақстандықтардың қолдау көрсеткеніне алғыс білдірді. Аталған стратегиялық бағдарлама шеңберінде логистикалық секторда бірқатар бірлескен жоба жүзеге асырылғанын атап өткен орынды. Олардың қатарында Ляньюньган портындағы терминал және Орталық Азиядағы ең ірі Khorgos Gateway құрғақ порты, сондай-ақ Сиань қаласындағы жаңа қазақстандық логистикалық орталықтың құрылысы бар.
Делегатттар сонымен бірге екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін одан әрі кеңейтуге мүмкіндік беретін темір жол жобаларын, оның ішінде Бақты-Тачэн жобасын іске асыру мәселелерін талқылады. Осы мақсатта тараптармен Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші трансшекаралық теміржол жобасын бірлесіп іске асыруды қарау мәселелері бойынша құрылып жатқан Қазақстан-Қытай жұмыс тобына қатысты мәселелер де қаралып, өзара ынтымақтастықты жалғастыру ниетін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
27.09.2023, 12:32 28371
Алаяқтық үшін сотталған азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Алаяқтық үшін сотталған азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен.
Украинаның Әділет заразминистрлігі Қазақстан сотының үкімін орындаудан жалтарған азамат "М" Қазақстан Республикасына беру туралы шешім қабылдады.
Сот аталған азаматты 2017 жылы аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, шартты мерзімге соттады.
2019 жылы "М" азаматы соттың өзіне жүктеген шектеулерін бұзып, жазасын өтеуден жалтару мақсатында жасырынып, іздеуге жарияланды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында іздеуде жүрген адамды Украина аумағында осы елдің құқық қорғау органдары ұстады.
Бүгін Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдовадағы және Түркиядағы Елшіліктерінің қолдауымен Қазақстан Бас прокуратурасы мен Интерпол қызметкерлері оны біздің елге экстрадициялады.
Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды - деп Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай хабарлады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2023, 21:43 50186
Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жеке құрамына жаңа бас қолбасшы
Президенті тағайындау туралы тиісті Өкімге бір күн бұрын қол қойған болатын
Достарға айту
Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасының жеке құрамына жаңа бас қолбасшы генерал-майор Асан Жүсіповті таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті тағайындау туралы тиісті Өкімге бір күн бұрын қол қойған болатын.
Қорғаныс министрі генерал-майор Асан Жүсіповтың құрамалар мен әскери бөлімдерді басқарудағы бай тәжірибесін атап өтті.
Асан Қуанышұлы Қазақстан әскерінде училище курсантынан ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасарына дейінгі жолдан өтті. Әскери бөлімдер мен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығын басқарып, жақсы нәтижелерге қол жеткізді", – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.
Құрлық әскерлерінің жаңадан тағайындалған бас қолбасшысы Алматы жоғары әскери училищесін «Командалық тактикалық дөңгелекті машиналар» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Құрлық әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарында жауапты қызметтер атқарды.
2003 жылы ҚР ҚК Әскери академиясын, 2015 жылы Ұлттық қорғаныс университетін «Әскери және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
26.09.2023, 21:03 50926
Елордада балабақшалардағы 10 мыңнан астам орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Биыл балабақшаларда 10 317 орынға қосымша мемлекеттік тапсырыс орналастырылды. 9 157 қаңтар-сәуір айларында, қалған 1 360 орын осы жылдың қыркүйегінде орналастырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астанада 505 балабақша жұмыс істейді, онда 67,5 мыңнан астам бала оқиды.
Сонымен қатар, биыл мектепке дейінгі ұйымдар жанынан 500 орындық тұрғын үй кешендерінің бірінші қабатынан қосымша ғимараттар ашу жоспарланып отыр.
Мектепке дейінгі мекемелердегі орындар INDIGO сайты арқылы бөлінеді, бүкіл процесс ашық және ашық түрде жүзеге асырылады. Қазір электронды порталда мектеп жасына дейінгі 60 971 бала тіркелген, оның ішінде 2 жастан 6 жасқа дейін – 41 818 бала. Жыл бойы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері үшін де жұмыс жағдайлары жасалуда. Сонымен, 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30 пайызға өсті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
27.09.2023, 12:32Алаяқтық үшін сотталған азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды 27.09.2023, 12:46 27246Көлік министр "Қытай темір жолдары" директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті27.09.2023, 16:29 20771Тоқаев Түрікменстан президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады27.09.2023, 16:55 19621Қазақстан Орталық Азия мен Каспий өңірінде толыққанды көлік-логистикалық хаб болуға ниетті27.09.2023, 17:14 19081Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқару жөніндегі израилдік тәжірибені қолдану перспективалары қолға алынбақ
23.09.2023, 19:39 57646Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады22.09.2023, 16:27 51311Үкіметте экспорттық баж салығы, көмір мен газ экспортына қойылатын шектеулерге қатысты мәселелер талқыланды22.09.2023, 17:30 50536Қазақстанда 2024 жылдан бастап балабақшаға балабақшаларға кезекке тұрудың бірыңғай кезегі іске қосылады22.09.2023, 18:00 50301Газ өндіруші кәсіпорын Қазақстан бюджетіне 6 млрд теңгеден астам қаражат төлеуге міндеттелді26.09.2023, 21:03 50211Елордада балабақшалардағы 10 мыңнан астам орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды
08.09.2023, 17:29 701815 мыңнан астам сарбаздың 1,4 млрд теңге кредиті кейінге шегерілді15.09.2023, 18:02 677212023 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің индексі 103,8% құрады15.09.2023, 17:55 65076Елімізде кейбір санаттағы отандастарымыз үшін пойыз билеттеріне жеңілдік жасалу жоспарлануда15.09.2023, 17:48 64851Жемқорлардың тізімі жарияланады15.09.2023, 17:32 64296Ақтаудағы жаңа Оқушылар сарайы ашылды