27.03.2023, 17:04 15061

Тоқаев сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды

Тоқаев сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды
Сессия 29 наурыз күні сағат 10.00-де басталады

Астана. 27 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сегізінші сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясы 2023 жылғы 29 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын", - делінген Жарлықтың мәтінінде.


Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы 19 наурызда Қазақстанда өткен депутаттар сайлауының түпкілікті қорытындыларын жариялаған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау науқаны жаңа сайлау ережелері мен нормалары бойынша өткізілді. Биыл Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлау кезінде жаңа пропорционалды-мажоритарлық үлгіге көшу, Парламент Мәжілісінде Қазақстан халқы Ассамблеясының квотасын жою және азаматтардың тікелей дауыс беруі арқылы жоғары ұлттық заң шығарушы орган палаталарының бірін қалыптастыру, сондай-ақ аумақтық сайлау комиссияларының жұмысын кәсіби негізге көшіру жүзеге асырылды.

Парламент Мәжілісі 98 депутаттан тұрады. Мәжілістің 69 депутаты партиялық тізімдер бойынша, 29-ы бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны