29.09.2021, 20:50 47716

Ақмолалық оқушылар мен студенттер Ыбырай Алтынсариннің мұрасын зерттеуде

КӨКШЕТАУ. 29 ҚЫРКҮЙЕК - Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және көрнекті педагог, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы аясында өңірдің білім беру ұйымдарында түрлі тақырыптық сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Оқу сабақтары дәстүрлі және Zоом платформасы арқылы онлайн форматта өтті. Оған 170 мыңнан астам оқушы мен студент, 800 мыңға жуық педагог және 2 300 ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты.
 
Білім беру басқармасынан атап өткендей, мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында "Қазақ даласының алғашқы мұғалімі" презентациялар конкурсы, оқушылар шешендік өнерде және жазушының шығармаларын мәнерлеп оқуда жарысқан "Сөз құдіреті", "Кел, балалар, оқылық" мәнерлеп оқу сайысы мен дебаттар ең жарқын іс-шаралар болды.
 
Тақырыптық ақпараттық сағаттарды өткізу барысында оқушылар мен студенттер педагогтың еңбектерін талдай отырып және тест тапсырмаларына жауап бере отырып, өздерінің даралығы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
 
Бастауыш сынып оқушылары үшін сынып жетекшілері "Ыбырай Алтынсариннің балалық шақ әлеміне саяхат" сабақтарын өткізді, сабақ барысында балалар ұлы ағартушының өмірімен танысты. Шығармалар негізінде суреттер, аппликациялар мен композициялар жасалды.
 
Облыстың білім беру ұйымдарының кітапханашылары жазушының шығармашылық қызметі туралы кітаптар мен фотосуреттер көрмесін ұйымдастырды. Гуманитарлық цикл мұғалімдері онлайн форматта ата-аналар қауымдастығын тарта отырып, әдеби кештер өткізді.
 

Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларына, ата-аналар мен студент жастарға қазақ халқының зайырлы білімінің негізін қалаған, өз халқын шын жүректен жақсы көретін және оны еркін әрі білімді көруді армандаған ұлы педагог және ағартушы Ыбырай Алтынсариннің мұрасымен жақынырақ танысуға көмектеседі", - деп толықтырды ведомствода.

 
Әлеуметтік желілерде жаңашыл педагогтың 180 жылдығына арналған облыстың білім беру ұйымдарының челленджі іске қосылды, онда оқушылар мен педагогтар оның шығармаларын оқиды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны