07.07.2021, 23:20 15492

Алматыда білім беру нысандарын аттестаттау өтеді

Мемлекеттік аттестаттау профилактикалық бақылау нысанында, яғни объектілерге бармай-ақ өткізілетін болады.
АЛМАТЫ. 7 ШІЛДЕ - Жаңа оқу жылынан бастап Алматының білім беру мекемелерінде мемлекеттік аттестаттау өтеді. Бұл үдерісті ұйымдастыру туралы Алматы қаласы білім департаментінің басшысы Гүлнар Ермекбаева айтып берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Мемлекеттік аттестаттау профилактикалық бақылау нысанында, яғни объектілерге бармай-ақ өткізілетін болады. Ол мектепке дейінгі ұйымдарда, мектептерде, колледждерде, әскери және арнайы жоғары оқу орындарында өтеді. Меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мекемелердің барлық түрлерін қамтиды. Мектептер, колледждер мен балабақшалар оқушылардың білімін кесу, ата-аналарға сауалнама жүргізу, білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы арқылы аттестатталатын болады", - деп хабарлады басшы Ермекбаева.

 
Спикер халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылатын білім беру ұйымдарының өзін-өзі бағалауы қандай екенін түсіндірді.
 

Мекемелер өздері ұсынатын білім сапасын өздері талдауы керек. Бұл тетік өзінің білім беру практикасын жетілдіруде дербестікті ынталандыруға бағытталған. Яғни, мемлекеттік аттестаттауды өткізу өкілеттігі негізінен білім беру ұйымдарының өздеріне жүктеледі", - деп түсіндірді спикер.

 
Оның айтуынша, білім бөлімдері 4-ші, 9-шы және 11-ші сыныптарға қатысты. Кіші мектеп оқушылары екі пән бойынша, үлкендері үш және төрт пән бойынша тест тапсырады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында студенттердің білімін екі бейіндік пән бойынша тексереді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейінде ата-аналарға сауалнама жүргізіледі.
 
Бес жыл ішінде барлық балабақшалар, мектептер, колледждер мемлекеттік аттестаттаудан өтеді, бұл білім беру қызметтерінің сапасын жақсартады және ұйымдарды одан әрі өсуге ынталандырады.
 
Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада 207 мемлекеттік және 67 жеке меншік мектеп, 189 мемлекеттік және 643 жеке меншік балабақша, 96 колледж, 39 жоғары оқу орны бар. Олардың барлығы аттестаттаудан өтеді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны