02.02.2023, 19:11 39946

Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтуде

Жиналғандар ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылауда

Астана. 2 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамда өткен отырысында ЕАЭО аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Шараға Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы - Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров және Ресей Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин қатысуда.
 
Шағын құрамда өткен отырыста ЕАЭО-ның алкоголь нарығын реттеу мәселелерін, ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарттың жобасын дайындау барысын, сондай-ақ Одақтың өңірлік даму институттарының қызметін талқылау жоспарланып отыр.
 

Қабылданған шешімдер интеграциялық бірлестіктің одан әрі дамуына елеулі үлес қосып, тың серпін беретініне сенімдімін", - деді отырыста сөз алған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов.

 
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен ЕҮАК отырысы қарсаңында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесу өткізді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны