08.12.2025, 18:15 16706

Алматыда кезекті көлік жуу нысаны бұзылып жатыр

Алматыда кезекті көлік жуу нысаны бұзылып жатыр
Сурет: gov.kz
Сот шешіміне сәйкес бүгін Жұмабаев көшесі, 12 мекенжайында орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсететін көлік жуу нысаны бұзылып жатыр. Бұл туралы Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның жеке тұлғаға тиесілі екені және тиісті құжатсыз салынғаны анықталды.

Тексеру нәтижесінде нысан иесіне әкімшілік шара қолданылып, ғимаратты сүру туралы нұсқама берілді.

Қазіргі уақытта нұсқама талаптарына сәйкес, меншік иесі нысанды өз күшімен бұзып жатыр.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны