05.05.2025, 17:33 86436

Алматыда жылдар бойы ағаш отырғызылмаған

Алматыда жылдар бойы ағаш отырғызылмаған
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жаппай өтемдік ағаш отырғызу талаптарының сақталмағанын анықтады, деп хабарлайды Алматы қаласының прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Өтемдік отырғызу нормаларында 2023-2024 жылдарға көзделген 73 мыңнан астам ағаш отырғызылмаған, жасыл желектерді заңсыз кесу жағдайлары анықталды.

Ағашты тиімсіз отырғызуға агротехникалық қателіктер, қолайсыз жағдайлар және тиісті күтімнің болмауы себеп болды.

Бірқатар объектілер бойынша ағаш отырғызу жылдар бойы жүргізілмеген.

Прокуратура шаралары бойынша уәкілетті орган сотқа 64 талап-арыз беріп, оның 55-і қанағаттандырылды.

Вегетациялық маусым басталғанға дейін міндеттемелерді орындау қажеттілігі туралы 49 хабарлама енгізілді.

Прокуратура табиғатты қорғау саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың маңыздылығын, бақылау мен жауаптылықты күшейту қажеттігіне ерекше көңіл аударады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны