23.04.2025, 10:51 40301
Алматының оқушылары Мәңгілік алаудың алдына құрмет көрсету күзетіне шықты
Достарға айту
Алматы қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған жыл сайынғы еске алу вахтасы басталды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Жас сарбаз" әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері кезекті мәрте 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағындағы Даңқ Мемориалының алдына құрмет қарауылы құрамында күзетке шықты.
Мәңгілік алаудың №1 бекетінде құрмет қарауылында тұру дәстүрі биыл алтыншы жыл өткізіліп келеді. Бұл жолы оны бірінші болып №95 мектептің "Жас сарбаз" кадет сыныптарының оқушылары ашты. Алматының әртүрлі білім беру мекемелерінің оқушыларынан құралатын біріккен жасақ құрамында олар үш күн бойы күзетте тұрады.
Құрмет қарауылы күн сайын сағат 9-дан 16-ға дейін қойылады. Қарауылды ауыстыру алдын ала бекітілген кестеге сай жүргізіледі. Әр ауысымның құрамына қарауыл бастығы, оның көмекшісі және ауысатындар кіреді.
- Мәңгілік алаудың жанында құрмет қарауылы болу біз үшін үлкен мәртебе. Осылайша бейбіт өмір сүру мүмкіндігін сыйлағандарға тағзым етеміз. Болашаққа жауапкершілікпен қарауды сезініп, өткенімізді мақтан етеміз, - деді біріккен жасақ командирі, №102 мектептің 10 сынып оқушысы Лейла Пирматова.
7 мамырға дейін құрмет күзетіне қаланың 12 мектебінен келген жассарбаздар қатысады. Балалар үшін бұл Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігіне құрмет көрсету ғана емес, әскери-патриоттық тәрбиенің, азаматтық жауапкершілік пен батылдықты қалыптастырудың маңызды кезеңі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
06.01.2026, 20:48 6806
Заңнамалық актілер жаңа Цифрлық кодекске сәйкес келтіріледі
Достарға айту
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ілеспе заңнамалық актілерді әзірлеп шығаруды және салалық заңға тәуелді барлық құқықтық актілерді таяуда қабылданған Цифрлық кодекске сәйкес келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Парламент цифрландыруды дамытудың негізін қалыптастыруға бағытталған Цифрлық кодексті қабылдады. Басқа да заңнамалық актілерге өзгерістер әзірлеп, Мәжіліске енгізу, сондай-ақ заңға тәуелді барлық салалық құқықтық актілерді сәйкестікке келтіру қажет. Жүргізіліп жатқан заңнамалық өзгерістер бойынша IT-қоғамдастық пен жұртшылық арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік секторға жасанды интеллектіні қарқынды енгізудің маңыздылығын атап өтті.
Жасанды интеллект мемлекеттік секторда да белсенді енгізілуге тиіс. Оны қолдану атүсті автоматтандыруға емес, қалыптасып қалған процестерді қайта қарауға, мемлекеттік функцияларды орындаудың неғұрлым тиімді модельдеріне көшуге және бюрократиядан арылуды одан әрі жалғастыруға әкелуі керек. Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық жоспарлау агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, цифрландыруды кеңейтуді және жасанды интеллектінің қолданылуын ескере отырып, басқарудың барлық деңгейлеріндегі функцияларды қайта қарауға тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сонымен қатар Жасанды интеллект министрлігіне министрліктердің бірінші басшыларының цифрлық орынбасарлары, яғни, CDO қызметінің нәтижелеріне сапалы талдау жүргізіп, 2026 жылға және одан кейінгі жылдарға арналған жаңа көрсеткіштерді белгілеу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 20:02 8516
Премьер-министр төтенше жағдайларға қарсы күрес және алаяқтықтың заманауи түрлерін анықтау үшін цифрлық құралдарды әзірлеп шығару қажеттігін атап өтті
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ЖИ және цифрлық даму министрлігі, ІІМ және басқа да мемлекеттік органдарға қазіргі заманғы қатерлер мен алаяқтықты анықтау және алдын алу тетіктерін әзірлеу қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қазіргі заманғы қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларға қарсы тұру құралдарын жасауға ерекше назар аудару керек. Жасанды интеллект дамыған сайын алаяқтық жағдайлардың да анағұрлым жетілген түрлері пайда болады. Ішкі істер, Жасанды интеллект министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірге осындай әрекеттерді тиімді анықтау және тану тетігін әзірлеуі қажет. Жалпы қолданыстағы құралдар мен цифрлық шешімдерді жетілдіру бойынша тұрақты проактивті жұмыс жүргізу қажет. Бұл қоғамның цифрлық шешімдер мен онлайн-платформаларға деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 19:34 9806
2026 жыл Цифрландыру және ЖИ жылы деп жарияланды - Жарлық
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Цифрландыруды одан әрі дамыту және жасанды интеллектіні жаппай ендіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялансын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Цифрландыру және жасанды интеллект жылын өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 18:39 9506
Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Мұстабеков Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Досбосынұлы Мұстабеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 17:37 10381
Үкімет Қазақстанның цифрлық шешімдерді жасайтын және сататын елдер қатарына кіруі үшін озық IT-технологияларды қарқынды дамытуды жалғастырады
Достарға айту
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің цифрлық мемлекетті қалыптастыру және озық технологияларды дамыту бойынша стратегиялық міндет қойғанына назар аударды.
Президент Қазақстанды цифрлық мемлекетке айналдыру міндетін қойды. Озық технологиялар саласында біз цифрлық шешімдер мен қызметтерді сәтті жасап, сата білетін жетекші елдердің қатарына кіруге ұмтылуымыз керек", - деп атап өтті Премьер-министр.
Өткен жылы цифрландыру және ЖИ саласында белгілі бір жұмыстар жүргізілгені атап өтілді.
Былтыр цифрландыру және жасанды интеллект саласында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылды. Заңнамалық база жасалды, есептеу қуатын сатып алу қамтамасыз етілді, alem.ai ұлттық жасанды интеллект орталығы іске қосылды. Қазақстандық IT-қызметтер экспортының көлемі өткен жылы шамамен $1 млрд долларға жетті. Бұл жұмысты белсенді түрде жалғастыру керек", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Сондай-ақ Премьер-министр Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне мүдделі тараптармен бірлесіп, "Digital Qazaqstan" стратегиясын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды.
Мүдделі тараптармен бірлесіп, "Digital Qazaqstan" стратегиясын әзірлеуді және бекітуді жеделдету қажет", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 16:21 15366
ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Үкімет отырысында білім беру жүйесін ауқымды цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Ол бұл міндетті орындау жоғары білім мазмұнын жүйелі түрде жаңартуды талап ететінін атап өтті.
Осы мақсатта министрлік 2025 жылы Quacquarelli Symonds халықаралық талдау агенттігімен бірлесе отырып, жасанды интеллектке негізделген экономиканы қалыптастырудағы білім беру жүйесінің рөлін бағалауға арналған зерттеудің бірінші кезеңін аяқтады.
Зерттеу нәтижелері еңбек нарығындағы жасанды интеллект жұмыс орындарын жаппай ығыстыру құралы емес, ең алдымен адам еңбегін ұлғайту, яғни еңбек өнімділігін арттыру механизмі екенін көрсетті.
Қазақстандағы жұмыс күшінің шамамен 70%-ы жасанды интеллектіні қолдану есебінен өнімділікті арттырудың орташа немесе жоғары әлеуетіне ие. Мамандықтардың 53%-ында жекеленген еңбек функциялары автоматтандырылуы мүмкін. Көп жағдайда бұл жұмыс орындарын жоюды емес, олардың мазмұны мен талаптарын өзгертуді білдіреді. Осы тұжырымдардың негізінде жоғары білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған кезең - кезеңмен жүзеге асырылатын іс-қимыл жоспары әзірленуде", - деп атап өтті Саясат Нұрбек.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 15:25 15606
"Самұрық-Қазына" АҚ бірыңғай корпоративтік ЖИ экожүйесін дамытуда
Сурет: Samruk-Kazyna
Достарға айту
Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Үкімет отырысында цифрлық шешімдерді енгізу және қор жұмысында жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Басқарма төрағасы 2025 жылы Самрұқ-Қазына тобы бойынша бірыңғай ІТ-стандарт бекітілгенін атап өтті. Ол цифрлық шешімдер архитектурасына және жасанды интеллект технологияларын қолдануға қойылатын талаптарды айқындайды.
Қор компанияларының өндірістік процестеріне жасанды интеллект шешімдерін енгізу бойынша Жол картасы қабылданды.
Цифрлық даму деңгейін арттыру мақсатында / бағалау методикасы бекітілді. Қор тобында 239 мың қызметкер / жасанды интеллект негіздері бойынша білім алды", - деді Нұрлан Жақыпов.
Ол сондай-ақ Қор SKAI - Samruk-Kazyna Artificial Intelligence атты бірыңғай корпоративтік жасанды интеллект экожүйесін дамытып жатқанын айтты.
SKAI модульдерінің бірі - SKAI Data платформасы. Ол өндірістік және қаржылық көрсеткіштермен нақты уақыт режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бұл платформаға ҚазМұнайГаз, QazaqGaz, KEGOC, Самрық-Энерго қосылған. Ал 2026 жылы қордың қалған компанияларын қосу жоспарланып отыр.
ЖИ-шешімдерді өндірістік процестерге енгізудің әсері 5 жыл ішінде $1,3 млрд-тан асады - "Самұрық-Қазына" АҚ
Бүгінгі таңда "Самұрық-Қазына" тобы жасанды интеллект қолданылатын 62 жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, жобалардың негізгі мақсаты - жасанды интеллектті өндірістік процестерге енгізу. Жобалардың экономикалық әсері бес жыл ішінде $1,3 млрд-тан асады деп болжанып отыр.
Қор компанияларында 2026 жылға жасанды интеллект енгізу есебінен EBITDA көрсеткішін 5%-ға арттыру бойынша KPI бекітілді. Алдағы екі жылда басқарушылық шешімдердің 70%-ы жасанды интеллектінің қатысуымен қабылданатын болады", - деп толықтырды Нұрлан Жақыпов.
Мысалы "ҚазМұнайГаз" компаниясында ABAI жобасы жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында жасанды интеллект сумен толтыру мәселелерін шешіп, қосымша мұнай өндіру үшін қабаттардағы қысымды ұстап тұру бойынша ұсыныстар береді. Болжам бойынша, жобаның 2025-2030 жылдарыь экономикалық әсері шамамен 326 млрд теңге болады.
Сондай-ақ, мұнай өнімдерінің тапшылығы мен профицитін болжауға арналған жасанды интеллект моделі енгізілуде. Бұл шешім балансты дәл есептеуді және өңірлерге өнімді тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Шешімнен күтілетін экономикалық әсер - 22,5 млрд теңге.
Al FARABIUM суперкомпьютерін тәжірибеде қолдану туралы "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы хабарлады
Самұрық-Қазына" қорының жасанды интеллект жобалары Al FARABIUM суперкомпьютерінде жабық контурда жүзеге асырылуда. Бұл туралы АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Үкімет отырысында мәлімдеді.
Ол "Қазақтелекомның" инфрақұрылымы өңірдегі ең дамыған жүйелердің бірі екенін және әлемдік суперкомпьютерлер рейтингісінің топ-200 тізіміне еніп, 103-орында тұрғанын атап өтті. Қазіргі уақытта есептеу қуаттарының 25%-ын "Самұрық-Қазына" тобы пайдаланады, ал қалған 75%-ы коммерциялық тұтынушыларға, оның ішінде шетелге де, жалға беріледі.
Бұл - платформаның жоғары сұраныста екенін, сенімді және тиімді екенін растайды", - деді Нұрлан Жақыпов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
06.01.2026, 15:00 17256
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа мемлекеттік жүйелерді әзірлеу QazTech бірыңғай платформасында жүргізілетін болады
Достарға айту
Елімізде мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бірыңғай цифрлық платформаға кезең-кезеңімен көшуі басталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл қызметтердің іске қосылуын жеделдетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдан бастап QazTech платформасынан тыс ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тыйым салынады. Бұл ақпараттық жүйелердің қауіпсіз режимде іске қосылуын жеделдетуге және олардың интеграциялануын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біз орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге ақпараттық жүйелердің QazTech платформасына көшуге дайындығына техникалық аудит жүргізуді тапсырдық. Биыл бұл мәселеге көбірек көңіл бөлінетін болады", - деп атап өтті Жаслан Мадиев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
06.01.2026, 15:00Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа мемлекеттік жүйелерді әзірлеу QazTech бірыңғай платформасында жүргізілетін болады 06.01.2026, 15:25 14981"Самұрық-Қазына" АҚ бірыңғай корпоративтік ЖИ экожүйесін дамытуда06.01.2026, 16:21 14741ЖИ Қазақстандағы жұмыс күшінің өнімділігін 70% арттыра алады - зерттеу06.01.2026, 11:11 14711Мемлекет басшысы Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді06.01.2026, 14:40 13236Қазақстандағы Цифрландыру және ЖИ жылы: Үкіметте экономиканың барлық саласына технологияларды енгізу мәселесі қаралды
31.12.2025, 17:05 128656Мемлекет басшысының атына Жаңа жылға орай құттықтау жеделхаттары келіп жатыр31.12.2025, 12:02 128051Президент ЕАЭО-ға мүше мемлекет басшыларына Үндеу жасады31.12.2025, 09:19 125361Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде 2025 жылды қорытындылады31.12.2025, 13:33 108981Қала үшін негізгі шешімдер: Алматы мәслихатының кезектен тыс сессиясының қорытындысы01.01.2026, 12:23 977812026 жылғы базалық зейнетақы мөлшері айқындалды
17.12.2025, 17:47 232091Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227606Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225891Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222896Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213886Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

