14.11.2022, 14:11 11576

Қарағанды облысының 18 млн гектардан астам жерін алып тастау және оларды Ұлытау облысына беру туралы қаулыға қол қойылды

Әлихан Смайылов "Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы" Үкіметтің қаулысына қол қойды.
Қарағанды облысының 18 млн гектардан астам жерін алып тастау және оларды Ұлытау облысына беру туралы қаулыға қол қойылды
Сурет: Depositphotos
Қарағанды. 14 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов "Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы" Үкіметтің қаулысына қол қойды, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.
 
Құжатқа сәйкес, Үкімет Қарағанды облысының шекарасы одан Ұлытау облысының құрамына беру үшін Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы 18893661,0 гектар жерін алып тастау арқылы өзгертуге қаулы етеді.
 
Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы 18893661,0 гектар жерін қосу арқылы Ұлытау облысының шекарасы белгіленеді.
 
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны