20.09.2022, 17:27 10456
Астанада жаңа ту мен елтаңба пайда болады
Достарға айту
Тиісті құжат 2022 жылғы 4 қазанға дейін "Ашық НҚА" порталында жария талқылау үшін орналастырылған.
Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының елтаңбасы көгілдір түс аясында алтын түсті "Бәйтерек" пен "Шаңырақ" бейнеленген екі нышан орналасқан дөңгелекті білдіреді. "Бәйтерек" белгісі негізінде "Құсқанаты" оюы орналасқан, оның төменгі жағында стильді "Н" әрпі орналасқан, "Құсқанаты" оюы және "Н" әрпі алтын түсті. "Шаңырақ" белгісі мен "Құсқанаты" оюының сыртқы жағы жасылмен көмкерілген. Сыртқы сақинаның көмкерілген жерінде сол және оң жақтарында қызыл аяда алтын түсті "Бөрікөз" оюы орналасқан. Елтаңбаның төменгі жағында алтын түстес аяда қызыл түсті "ASTANA" деген жазуы бар. "ASTANA" жазуының сол және оң жағында алтын түсті үш симметриялы сызықтар орналасқан", - делінген құжатта.
Астана қаласының туы ені мен ұзындығы 1:2 қатынастағы ортасында Астана қаласының елтаңбасы орналасқан тік бұрышты жайматөсемді білдіреді, одан жан жаққа алтын түстегі күн сәулелері шашылып тұрады.
Құжат сондай-ақ Астананың елтаңбасын пайдалану тәртібін айқындайды.
Астана қаласы елтаңбасының бейнелері жұмыс кабинеттерде, мәжіліс залдарында, мемлекеттік органдардың және басқа мекемелердің маңдайшаларында олардың иелерінің қалауы бойынша орнатылады (орналастырылады). Астана қаласының елтаңбасы мемлекеттік органдардың көлік құралдарында, сонымен қатар мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың басқаруындағы қалалық қоғамдық көліктерде немесе арнайы қызметтер көліктерін ресімдеуде бейнеленуі мүмкін. Астана қаласының елтаңбасы қаланы көркемдік безендіруде пайдалануы мүмкін.
Астана қаласының елтаңбасын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер мөрлер мен мөртабандарын дайындау кезінде пайдалана алмайды.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордаға бұрынғы Астана атауын қайтару туралы Жарлыққа қол қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
10.12.2025, 17:08 1261
Президент Су және денсаулық сақтау туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдады
Достарға айту
Мемлекет басшысы "1992 жылғы Шекарааралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі конвенцияға Су және денсаулық проблемалары туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:10 881
Әсел Жанасова жаңа қызметке тағайындалды
Сурет: Akorda
Достарға айту
Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
-Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, олбұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,- делінген ресми құжатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 16:01 1731
Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның биыл атқарған жұмысының алдын ала нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың негізгі бағыттары таныстырылды. Компания қызметінде оң динамика байқалады. Екі жылда болат өндірісі 22 пайызға, көмір концентраты 26 пайызға, темір кені 32 пайызға артты. Өнімнің өзіндік құны 28 пайызға арзандап, шығарылатын маркалардың түрі 260-тан 350-ге дейін ұлғайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Андрей Лаврентьев 9 ірі инвестициялық жобадан тұратын кешенді бағдарламаны жүзеге асыру жайында баяндады. Бұл бастама елдегі болат өндірісін жүйелеп, металл прокаты импортын төмендетуді көздейді. Бұдан бөлек, болаттың жоғары сапалы жаңа маркаларын, соның ішінде атом электр станциясының құрылысына арналған өнім шығару жолға қойыла бастады.
Президентке көмір және тау-кен бағытын дамыту бағдарламасы таныстырылды. Еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік бастамаларға баса мән берілді. Qarmet компаниясына қарасты медициналық және білім беру ұйымдары жаңғыртылып жатыр. Компания мен кәсіподақтар арасында жаңа ұжымдық келісімшарт жасалды. Құжат 35 мың еңбеккерге әлеуметтік кепілдік беруді қарастырады.
Мемлекет басшысына Qarmet жанынан ірі металлургиялық кластер құрылып жатқаны туралы айтылды. Бұл шағын және орта кәсіпорындардың шикізатты терең өңдеумен айналысуына мүмкіндік береді. Бағдарлама "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингімен бірге іске асырылмақ. Сондай-ақ машина жасау зауыттарының өндіріс барысында отандық болатты пайдалануы бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Кездесу соңында Президент Qarmet металлургия кешенінде атқарылған жұмысқа оң бағасын беріп, даму жоспарына қолдау білдірді. Сонымен қатар кәсіпорынды жан-жақты жаңғырту, әлеуметтік мәселелерді шешу, экологиялық жағдайды жақсарту, машина жасау өндірісін жандандыру шараларын жалғастырудың маңызына тоқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.12.2025, 15:04 1506
Өскемен арматуралық зауыты КҚК қажеттіліктері үшін жабдықтар шығарады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Үкімет үйінде Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың қатысуымен "Өскемен арматура зауыты" АҚ ("ӨАЗ" АҚ) мен "Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ ("КҚК-Қ" АҚ) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Өнеркәсіптік жабдықтың импортын алмастыру жөніндегі құжатқа "ӨАЗ" АҚ бас директоры Александр Будрис және Каспий құбыр консорциумының бас директоры Николай Горбань қол қойды.
Ынтымақтастық бекіткіш арматураның, сорғы агрегаттарының және электр қозғалтқыштарының жергілікті өндірісін дамытуға, магистралды мұнай құбыры нысандарында отандық жабдық қолдануды кеңейтуге, сондай-ақ құбыр арматурасының қазақстандық ірі өндірушісі мен мұнай тасымалдау инфрақұрылымындағы негізгі операторларының бірі арасында орнықты кооперацияны қалыптастыруға бағытталған.
Келісім шеңберінде тараптар "КҚК-Қ" АҚ-ны Қазақстаннан шыққан жоғары технологиялық материалдармен, жинақтаушы бөлшектермен және жабдықтармен қамтамасыз етуге, жабдыққа техникалық қызмет көрсетуді, жабдықты жаңғырту және сынақтан өткізуге, сондай-ақ инновациялық технологиялық шешімдерді бірлесіп әзірлеуге әрі енгізуге ниетті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 16:14 9411
Keden платформасын енгізу және өткізу пункттерін жаңғырту: кедендік рәсімдеу уақыты 3 есеге қысқарды
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру туралы мәселе қаралды. Онда ҚР қаржы министрі Мәди Такиев кедендік әкімшілендіру саласында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Қаржы министрлігі, көлік-транзит саласын дамыту аясында, кедендік әкімшілендіруді цифрландыру мен өткізу пункттерін жаңғырту бойынша кешенді жұмыс атқаруда. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға бағытталып, шекарада ашық және өнімділігі жоғары жүйені қалыптастырады. Біріншіден, Кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша, бірыңғай Keden платформасына көшу жұмыстары аяқталып жатыр. Ол қолданыстағы үш жүйенің орнына, негізгі рәсімдерді автоматтандыруды қамтамасыз етеді", - деді ол.
Осы орайда, кедендік транзит, интеграцияланған бақылау және алдын-ала хабарлау сияқты 20 модульдің 16-сы қосылды, оның ішінде:
- транзиттік декларациялардың едәуір бөлігі автоматты түрге шығарылды;
- рәсімдеу уақыты қысқартылды, мысалы, транзит - 30 минуттан 10 минутқа дейін, контейнерлік пойыз 3 сағаттан 30 минутқа дейін;
- "бір терезе" қағидаты бойынша Ауыл шаруашылығы, Денсаудық сақтау және Көлік министрліктерінің қызмет түрлері интеграцияланды;
- электрондық кезек ретке келтірілді: соның ішінде дұрыс емес брондау жойылды, VIN-кодтар бойынша бақылау күшейтілді, тез бұзылатын тауарларға, қауіпті жүктер мен жануарларға, сондай-ақ еліміздің экспорты үшін, жекелеген слоттар бөлінді;
- сервистер төрт тілге аударылды және "WeChat" мессенджерімен интеграцияланды;
- Қытай және Өзбекстанмен цифрлық өзара іс-қимылды дамыту жұмыстары жүргізілді, оның ішінде инспекциялық тексеріп-қарау суреттерін өзара тану және "жіксіз транзит" элементтерін енгізу жұмыстары атқарылды;
- инспекциялық тексеріп-қарау суреттерін автоматты түрде талдау және сәйкес келмейтіндерді айқындау үшін жасанды интеллект элементтері енгізілді. Бұл рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын арттырады, адами фактордың араласу тәуекелдерін азайтуды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, кедендік инфрақұрылымды жаңғырту бойынша бүгінгі күні, 9 өткізу пунктінде жаңарту жұмыстары аяқталуда, оның ішінде 4 өткізу пункті пайдалануға берілді. Осы жұмада "Қазығұрт" және "Темір баба", ал 25 желтоқсанда "Тәжен", "Майқапшағай", "Бақты" өткізу пункттері іске қосылады. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасы толық орындалатын болады. Бұдан басқа Өзбекстанмен шекарадағы "Жібек Жолы" жолаушылар өткізу пунктіне реконструкциялау жүргізілуде. Тәулігіне - 70 мың адамға дейін және 2 мың көлікке дейін ұлғаяды деп күтілуде. "Нұр Жолы" өткізу пунктін, тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстыру пилоттық жобасы енгізілді. Нәтижесінде автокөлік ағыны 2 есе өсіп, тәулігіне 1 800 көлікті құрап, 453 мың көлікке жетті. Жалпы келесі жылдан бастап өткізу қабілетін 6 есеге көтеріп, 5 млн-ға дейін көлік құралын өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Мәди Такиев.
Министр кедендік түсімдер бойынша арнайы тоқталды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар тікелей фискалдық әсерді қамтамасыз ететінін айты. Осы жылдың 11 айында кедендік төлемдер түсімі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16% өсіп, 566 млрд теңгені құраған. Логистикалық операцияларды көлік-логистикалық орталықтарға және уақытша сақтау қоймаларына көшіру нәтижесінде, көліктің өту уақыты 9 сағаттан 30 минутқа дейін қысқартылған.
Бүгінгі күні, Қытаймен шекарада үш көлік-логистикалық орталық және жеке инвесторлармен бірлесіп 3 автохаб іске қосылды. Осындай объектілер "Б. Қонысбаев" және "Бақты" өткізу пунктерінде де ашылды. Сондай-ақ, "Нұр Жолында" ірі көлемді көлік үшін уақытша сақтау қоймалары жұмыс істеп тұр. "Атамекен" мен "Қазығұртта" 2 жаңа уақытша сақтау қоймасын ашу жоспарлануда. Жаңғыртудың түрақты жұмысы мен шекарадан өту сапасын арттыру үшін, келесі мәселелер ашық қалып отыр: біріншіден, электрондық кезек пен цифрлық сервистердің үздіксіз жұмыс істеуіне тікелей әсер ететін шекара маңындағы аудандардағы байланыс сапасы; екіншіден, жүргізушілер үшін жол және сервистік инфрақұрылымның шектеулі болуы; үшіншіден, Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі және сыртқы шекараларында жұмыс істейтін мамандардың жасақталуы мен еңбек жағдайына қатысты мәселелер. Аталған бағыттар бойынша жұмыстар тұрақты бақылауда және одан әрі жалғасатын болады", - деді қаржы министрі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 14:10 9601
Үкіметте көлік-транзит саласын дамыту бойынша қабылданып жатқан шаралар қаралды
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында көлік-транзит саласын дамыту және цифрландыру мәселесі қаралды. Онда көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, қаржы министрі Мәди Такиев, жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Ростислав Коняшкин, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және "Қазавтожол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Көлік министрлігінің мәліметінше, биыл 13 мың шақырым жол салынып, жөнделген. Автотасымалдаушылар 288 млн тонна жүк жеткізді (+1,7%), жолаушылар ағыны 1,5 млрд адамға жетті (+12,2%). Көліктік бақылауды автоматтандыру және электронды ілеспе құжаттарды енгізу жалғасуда. Авиацияда 139,6 мың тонна жүк өңделіп, 13,1 млн жолаушы тасымалданды. Темір жол тасымалы 380,3 млн тоннаны (+7,9 %) құрап, 16,4 млн жолаушы тасымалданды.
Премьер-министр Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойғанын атап өтті.
Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі басты көлік торабына айналдыру бойынша стратегиялық міндет қойды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жүйелі шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілеті ұлғайтылды, шетелдік серіктестермен тарифтік саясат үндесімді түрде жүргізіліп, жүктерді жеткізу мерзімдері қысқартылды. Автожол инфрақұрылымын транзиттік және халықаралық дәліздерге басымдық бере отырып жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде контейнерлік тасымал көлемі өсті. Қазақстан-Қытай шекарасында пилотсыз тасымал мен бірыңғай электрондық декларацияны қамтитын "Ақылды кеден" жобасы жүзеге асырылып жатыр", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қабылданған шаралар нәтижесінде биылғы 10 айда Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 29 млн тоннадан асып, нақты өсім көрсетті
Бұл ретте Премьер-министр транзиттік жүк тасымалы үшін бәсеке күшейіп бара жатқанын, әсіресе, халықаралық көлік дәліздері мен өткізу пункттеріндегі процестерді жылдам цифрландыру арқылы көлік‑логистикалық жүйенің қолда бар әлеуетін белсенді түрде кеңейту қажет екенін атап өтті.
Президент Жолдауын жүзеге асыруда басым бағыттардың бірі жүк қозғалысына онлайн-мониторинг жүргізу, мемлекеттік және жеке цифрлық платформаларды интеграциялау үшін толықтай цифрлық шешімдерді, оның ішінде Smart Cargo экожүйесін енгізу болды. Алайда, бүгінде сервистердің барлығы бірдей қосылып, жұмыс істеп тұрған жоқ. Премьер-министр Көлік министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін сервистер мен ақпараттық ресурстардың толық интеграциясын аяқтауды тапсырды.
Жуырда өткен кеңесте Мемлекет басшысы атап көрсеткен көлік-тасымал саласын дамыту үшін авиахабтарды дамытудағы басымдық баса айтылды. Осыған байланысты Үкімет ұшу географиясын кеңейту, жаңа шетелдік авиатасымалдаушыларды тарту, еліміздің әуежайлары арқылы жүк және жолаушылар ағынын арттыру бағытында жұмыс жүргізуде.
Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, арнайы техниканы жаңарту және жолаушылар мен әуе компанияларына қызмет көрсету сервистерін цифрландыру жүзеге асырылуда. Мұның бәрі қазақстандық әуежайларды бәсекеге қабілетті өңірлік хабтарға айналдыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте Олжас Бектенов көліктік деректер қорының ақпараттық-талдау жүйесін дамыту қажеттігін атап өтті. Қазірдің өзінде деректердің бірыңғай массиві жасалып, жүк қозғалысын бақылау модульдері іске қосылды, бірақ жүйенің қазіргі монолитті архитектурасы оны интеграциялау мен инновациялық шешімдерді енгізу кезінде қиындықтар туғызуда. Көлік министрлігіне Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, аталған жүйені ашық интерфейстері бар модульдік және масштабталатын архитектураға көшіру, көлік ағындарын болжау мен басқару үшін жасанды интеллектіні кезең-кезеңімен енгізу тапсырылды.
Сонымен қатар Премьер-министр көлік-транзит саласы бойынша бірқатар тапсырма берді.
Атап айтқанда, автожол инфрақұрылымы сапасын жақсарту аясында жобаларды жүзеге асырудың цифрлық мониторингін қамтамасыз ету керек, өңір әкімдіктері 2026 жылғы 1 шілдеге дейін жергілікті жолдарды толық паспорттауды аяқтап, автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнатуды жеделдетуі қажет. Іске қосылатын "E‑жолдар" жүйесі жолдардың жағдайын есепке алу, ақауларды тіркеу және жұмыстардың орындалуын онлайн-режимде бақылау құралы болуы тиіс.
Әуе жүктерін тасымалдауда электронды құжат айналымына көшуді жеделдету үшін Көлік министрлігіне Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, 2026 жылдың 1 наурызына дейін "e-Freight" ақпараттық жүйесімен кешенді интеграцияны аяқтау, кедендік, ветеринариялық және фитосанитариялық құжаттар бойынша деректер алмасуды автоматтандыру тапсырылды.
Темір жол саласында Көлік министрлігіне "Қазақстан темір жолы" компаниясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде шекаралық және тораптық стансаларда жүктерді өңдеу уақытын қысқарту бойынша қосымша шаралар әзірленеді.
Көлік министрлігіне "Қазақстан темір жолы" компаниясымен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, бір ай мерзімде шекаралық және тораптық стансаларда жүктерді өңдеу уақытын қысқарту жөнінде шаралар әзірленеді.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, желтоқсан айында мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жақын арада 5 өткізу пункті іске қосылады. Осылайша, Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы контурындағы барлық өткізу пункттері халықаралық стандарттарға сай болып, жүктердің жылдам өтуін қамтамасыз етеді", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Олжас Бектенов Көлік министрлігіне "ҚазАвтоЖол" компаниясымен бірге жұмыс қарқынын жеделдетіп, өткізу пункттерінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Аталған мәселе Премьер-министрдің тікелей бақылауында.
Сондай-ақ ведомство мен компаниялар әкімдіктермен бірлесіп, жеке инвестицияларды белсенді түрде тарта отырып, халық пен тасымалдаушыларға қолайлы жағдай жасауы қажет.
Жұмысты жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 13:07 37131
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
Сурет: Akorda
Достарға айту
Президентке экономика мен қаржы жүйесінің жай-күйі және биылғы қаңтар-қараша айларында жүргізілген ақша-несие саясатының негізгі бағыттары жөнінде есеп беріліп, 2026 жылға арналған жоспар таныстырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа іскерлік белсенділік, инфляцияға ықпал ететін факторлар және бағаны тұрақтандыру үшін қабылданған шаралар туралы айтылды. Үкімет, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономиканы тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.
Мемлекет басшысына қаржы, валюта және мемлекеттік бағалы қағаздар нарықтарындағы жағдай, Ұлттық қор мен Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры активтерінің, алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы мәлімет берілді.
Жыл басынан бері Ұлттық қордың валюталық активтері 4,8 миллиард долларға өсті. 11 айдағы инвестициялық табыс шамамен 8,2 миллиард долларды немесе 13,7 пайызды құрады. Есепті кезеңде алтын-валюта резервтері 16,3 миллиард долларға немесе 36 пайызға ұлғайып, 62,1 миллиард долларға жетті. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің көлемі биыл қаңтар-қараша айларында 2,6 триллион теңгеге немесе 11,7 пайызға артып, 25 триллион теңге болды.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаппай цифрландыру барысы және Ұлттық банктің цифрлық жобалары жөнінде баяндалды. Соның ішінде Антифрод орталықтың жұмысына, ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымдарын технологиялық тұрғыдан жүзеге асыруға мән берілді.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк баға тұрақтылығын сақтап, инфляцияны орташа 5 пайыздық межеде ұстап тұру үшін барлық қажетті шараны қабылдауда.
Кездесу соңында Президент инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударып, Ұлттық банк қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.12.2025, 13:07 9786
Оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетеді деп болжануда: Үкімет егістік құрылымын қайта қарайды
Достарға айту
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ағымдағы су шаруашылығы жағдайы қаралды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев алдағы вегетациялық кезеңдегі қауіптер мен диқандарды сумен қамтамасыз етудегі алдын алу шаралары туралы баяндады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Оның айтуынша, оңтүстік өңірлерде су аз цикл сақталып отыр. Шардара су қоймасына келетін ағын су 43%-ға төмендеген, ал Нарын-Сырдария каскадының ірі резервуарларындағы қорлар былтырғы көрсеткіштерден 3,8 млрд текше метрге аз. Осыған байланысты суару маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету үшін Үкімет су ресурстарын қатаң реттеуге көшуде.
Осы жылдың 4-5 желтоқсан аралығында Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарында Су ресурстары министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдіктері, құқық қорғау органдары, су шаруашылығы ұйымдары және шаруа қожалықтары өкілдерінің қатысуымен көшпелі кеңестер өткіздім. Үш өңірде де су аз кезеңнің жалғасып жатқаны расталды. 2026 жылғы вегетацияға болжамды су келуі небәрі 1-1,5 млрд текше метр деп бағаланып отыр, бұл 1 млрд текше метрге дейін тапшылық қаупін тудырады. Жамбыл облысында су қоймалардың толымдылығы бар болғаны 41%-ды құрайды, Киров және Теріс-Ащыбұлақ су қоймаларын жобалық деңгейге дейін толмау қаупі бар. Бірқатар облыстарда 2025 жылы ылғалсүйгіш дақылдарды қысқарту жөніндегі жоспарлы көрсеткіштер орындалмағанын атап өтемін", - деді ол.
Дегенмен, суды үнемдеу бойынша оң динамика да сақталуда. Мәселен, су үнемдеу технологиялары қолданылатын алаң 543,5 мың гектардан асқан, жыл сайынғы өсім шамамен 150 мың гектар құрап отыр.
Мемлекеттік қолдау айтарлықтай күшейтіліп, 2026-2028 жылдарға арналған бюджетте 228,1 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 214,6 млрд теңге - инвестициялық субсидиялар.
Көшпелі кеңестер қорытындысы бойынша мынадай шешімдер қабылданды: Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары және ирригация министрлігімен, облыс әкімдіктерімен бірге жұмыс тобын құрып екі апта мерзімде су пайдалану лимиттерін айқындау және болжамды су келу көлемін ескере отырып алдағы вегетациялық кезеңге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру жоспарын бекіту қажет. Сонымен қатар, Орталық Азияда ауа-райы өзгерген жағдайда Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылғы 1 ақпанға дейін Ауыл шаруашылығы министрлігіне барлық облыстар бойынша су келуінің ең пессимистік сценарийін ескере отырып су тұтынудың нақтыланған лимиттерін ұсынуы тиіс. Өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы 1 наурызға дейін ылғалсүйгіш дақылдардың егістік құрылымын бекітілген су лимиттеріне сәйкес түзетуі қажет", - деді Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.
Ал облыс әкімдіктері вегетация басталғанға дейін диқандар арасында ылғалсүйгіш дақылдарды қысқарту және суды аз қажет ететін дақылдарға көшу қажеттігі туралы мақсатты түсіндіру жұмыстарын жүргізуі, сондай-ақ министрліктер мен ғылыми институттармен бірлесіп инновациялық ылғал ұстап қалатын препараттарды сынақтан өткізу үшін әр облыста кемінде 100 гектар аумақты анықтап, қаржыландыруды жергілікті бюджеттен қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен қатар, "Қазсушар" РМК суару суын жеткізу туралы келісімшарттарды ылғалсүйгіш дақылдар бойынша тек бекітілген лимиттер шегінде ғана жасайтын болады.
Бұдан бөлек, Су ресурстары және ирригация министрлігіне 2026 жылғы 1 ақпанға дейін құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 2026 жылы судың "қара нарығын" жою жөніндегі нақты іс-шаралар жоспарын Үкімет Аппаратына енгізу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
10.12.2025, 10:54Астана Опера мен Масқат Корольдік опера театры мәдени ынтымақтастықты нығайтуда 10.12.2025, 11:02 9366Қазақстан есірткімен және қылмыспен күрес жүргізуде БҰҰ-мен ынтымақтастыққа бейілдігін растады10.12.2025, 09:22 4491Өнеркәсіпте индустриялық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен 30 мыңнан астам жұмыс орны құрылады10.12.2025, 12:03 1666Шымкент жастар театры Халықаралық Сахара фестивалінде Гран-при жеңіп алды10.12.2025, 16:01 1656Мемлекет басшысы "Qarmet" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдады
05.12.2025, 22:59 99001Қазақстан мен Аустрия парламенттік ынтымақтастықты жандандыруға келісті05.12.2025, 16:59 93181Туризм және серіктестік: Қазақстан Финляндияда өз мүмкіндіктерін таныстырды05.12.2025, 21:56 89866АҚШ сарапшылары Қазақстанды Орталық Азиядағы жетекші экономика ретінде сипаттады05.12.2025, 20:48 89406Қазақстан мен Оман арасындағы Үкіметаралық ынтымақтастық нығаюда05.12.2025, 19:42 84876Қазақстан Мадрид үшін Азия бағытындағы негізгі басымдықтарының қатарында
13.11.2025, 17:40 176891Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Адылбек Касымалиев Астанада Үкіметаралық кеңестің 13-ші отырысын өткізді13.11.2025, 23:28 175586Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинге хат жолдады10.11.2025, 21:56 152106Алматыда бұрынғы президент резиденциясының орнында жаңа саябақ ашылды19.11.2025, 16:26 146626Президент Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровты қабылдады20.11.2025, 15:30 146266Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші - Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Ерлан Қаринді қабылдады

