15.12.2022, 19:29 26866

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмысын уақытша тоқтатады
Сурет: gov.kz
Теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады

Астана. 15 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері жұмыс жасамайды, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
 
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты 2022 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.
 
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
 
МКК тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны