07.10.2021, 19:49 128824
Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Бақты" өткізу пункті 10 қазанға дейін жабық болады
Достарға айту
Қытай тарапындағы дезинфекция жабдықтарын қысқы маусымына дайындық жұмыстарының жалғасуына байланысты "Бақты" өткізу пункті 2021 жылғы 10 қазанға дейін жабылады. Шекарадан өтуді қалайтын тасымалдаушылардан көрші елдегі іс-шараларды ескере отырып, өз маршруттарын алдын-ала жоспарлауды сұраймыз", - деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қытай Қазақстанмен автомобиль өткізу пункттерін уақытша жауып жатқандығы хабарланған болатын. Қытайда мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы", "Достық-авто" және "Бақты" өткізу пункттері 2021 жылғы 1-3 қазанда жабық болады. Бұдан басқа қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты "Бақты" өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазанда да жабық болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
02.02.2026, 20:49 3241
"Халық бухгалтері" акциясының алғашқы нәтижелері
Сурет: gov.kz
Достарға айту
ҚР Үкіметнің, атап айтқанда Қаржы министрлігінің тарапынан кәсіпкерлерге қолдау көрсету, бухгалтерлік және салық есептілігінің сапасын арттыруға бағытталған біршама жұмыс атқарылып келеді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Биыл 5 қаңтардан бастап "Халық бухгалтері" республикалық акциясы қолға алынған болатын. Аталған бастаманы Қаржы министрлігі бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарымен бірге жүзеге асырған, бұл жұмыс салық төлеушілерге практикалық көмек көрсетуді көздейді.
Консультациялық кеңестер облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында офлайн-қабылдау форматында тегін өткізіліп жатыр. Акция 2026 жылдың 30 маусымына дейін жалғасады.
Қаңтар-ақпан айларында кеңес аптасына үш рет ұйымдастырылады - дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат: 10.00-ден 13.00-ге дейін.
Ал наурыз айынан бастап қабылдау аптасына екі рет өткізіледі. Консультациялық пункттердің жұмыс кестесі мен мекенжайлары Мемлекеттік кірістер комитетінің, МКД мен басқармалардың ресми интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланған. Қабылдау орындарында "Халық бухгалтері" белгілері көрсетілген.
Акцияға мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері, сондай-ақ 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтер тартылғанын атап өткен жөн.
Осы бастама басталғалы бері 17,5 мың салық төлеуші кеңес алып, 160-тан астам сұхбат жүргізілді. Бетпе-бет жүздесу форматындағы жұмыс өз тиімділігін көрсетті: салық төлеушілерге бухгалтерлік есеп, салық есептілігі және ақпараттық жүйелердегі жұмыс мәселелеріне байланысты практикалық кеңестер берілді.
Акция шеңберінде азаматтарға бірқатар бағыт бойынша консультация ұсынылған:
- оңтайлы салық режимін таңдау және өтпелі кезең мәселелері бойынша;
- арнайы салық режимдеріндегі салық жеңілдіктері мен шегерімдер;
- электронды шот-фактураларды жазып беру;
- ҚҚС шегі, ҚҚС бойынша есептен шығару және қою;
- өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері;
- салық міндеттемелерін орындау тәртібі және тағы да басқалар.
"Халық бухгалтері" акциясы сәтті жалғасып келеді. Жоба түсінікті, қолжетімді және адамға бағдарланған салық ортасын қалыптастыруға арналған кешенді жұмыс болып саналады. Осы орайда кәсіпкерлер мен азаматтарды тегін кәсіби кеңес алып, өз сауаттылығын арттыруға шақырамыз!
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 20:05 181
Бахтияр Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бахтияр Мұхаметқалиев 1990 жылы 1 шілдеде Алматы облысы Бостандық ауданында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қаласында "Қазпошта" АҚ-да бас маман болып бастаған.
2010-2020 жылдар аралығында "Қазпошта" АҚ-да бас маманнан АТ-инфрақұрылым жөніндегі атқарушы директор және E-commerce департаментінің директорына дейін түрлі қызметтер атқарған.
2021-2022 жж. - "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" КеАҚ басқарушы директоры.
2022-2023 жж. - ҚР Премьер-министрінің Кеңсесінің Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2023-2025 жж. - ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2025 жылдың мамыр айынан қазіргі күнге дейін - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Цифрлық үкіметті қолдау орталығы" ШЖҚ РМК бас директоры.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 19:46 3456
Жобалық кеңсенің үшінші отырысында денсаулық сақтау саласына салық салудың жаңа нормасын қолдану мәселесі қаралды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Вице-премьер - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің үшінші отырысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты жаңа Салық нормаларын құқықтық қолдану мәселесі қаралды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Атамекен" ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жәркенов атап өткендей, қазіргі уақытта іс жүзінде салалық мемлекеттік органдардың заңға тәуелді актілерінде құқықтық белгісіздік туындауда. Атап айтқанда, мәселелер ТМККК, МӘМС тізбелеріне кіретін дәрілік заттардың, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік маңызы бар аурулардың импорты мен дәріхана желілеріндегі бөлшек саудасына қатысты. ҚҚС-ты ескерсе немесе оны есептемегендегі дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастыру мәселесі де көтерілді.
Тимур Жәркеновтың айтуынша, импорттық дәрілік заттарды кедендік рәсімдеу кезінде кеден органдары аталған тізбелерге кіретін барлық дәрілік заттың нысаналы мақсатын растауды талап етеді. Бұл ретте мұндай талап қолданыстағы ережелерді кеңінен түсіндіру әрі бұл әкелінетін дәрілердің барлық санатына арналмаған.
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов барлық дәрілік затты импорттау кезіндегі міндетті шарт фармацевтикалық немесе медициналық қызметке лицензияның болуы, мемлекеттік тапсырыс бойынша берілетін дәрілер үшін ТМККК/МӘМС шеңберіндегі жеткізу шарты, сондай-ақ тауарды мақсатты пайдалану туралы жеткізушінің міндеттемесі екенін түсіндірді. Тіркелген дәрілік затты импорттау кезінде Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тіркеу талап етіледі. Тіркелмегендерге Денсаулық сақтау министрлігінің рұқсат құжаты қажет. Бұл ретте нысаналы мақсатты растау Қазақстан аумағында өндіріс үшін пайдаланылатын дәрілік субстанциялар мен балк-өнімдерді импорттау кезінде ғана қажет.
Талқылау қорытындысында мәселе Жобалық кеңсенің отырысында шешілді. Қолданыстағы ережелерге өзгеріс енгізіліп, дәрілік заттардың импорты жөніндегі ұстаным жұмыста қолдану үшін таяуда кеден органдарының аумақтық бөлімшелеріне жеткізілмек. Тағы бір мәселе орфандық және әлеуметтік маңызы бар ауруды емдеуге арналған дәрілік затты ҚҚС-тан босатуға қатысты. Қазіргі уақытта дәріханалар мұндай дәрі-дәрмекті жеткізушілерден сатып алудан бас тартып отыр. Себебі жеткізушілер қолданыстағы ереже тек импорт кезінде ғана емес, көтерме және бөлшек сауда да ҚҚС-тан босатылатынына қарамастан 5% және 16% ставкаларын қолданады. Бұл норма әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмекті бөлшек саудасына қол жеткізуге арналған.
Талқылау қорытындысы бойынша, Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті МКК-мен бірлесіп, қысқа мерзімде бірыңғай ұстанымды әзірлеп, оны фармацевтикалық қоғамдастықтың назарына жеткізуі тиіс. ҚҚС есептелген немесе ол қосылмаған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға шекті бағаларды бекіту мәселесі де талқыланды. Бұл ретте салық төлеуші ҚҚС-ты шекті бағадан тыс есептеуге құқылы. Өйткені ол нақты өткізу бағасы емес, жол берілетін жоғарғы шек қана. Денсаулық сақтау министрлігі мен МКК қысқа мерзімде осы мәселе бойынша бірыңғай шешім әзірлеп, оны бизнес-қоғамдастыққа жеткізеді.
МКК тарапынан денсаулық сақтау саласына байланысты ҚҚС бойынша нормаларды қолдануға байланысты бірқатар мәселе айтылды. Олардың барлығы Жобалық кеңсенің отырысында қаралды. Жақын арада бизнесті ақпараттандыру үшін МКК ресурстарында жарияланады.
Өткен аптада салық органдарына, Ұлттық экономика министрлігіне және "Атамекен" ҰКП-ға 16,1 мың өтініш келіп түсті. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 3,4 мыңға аз. 16 мыңға жуық өтініш МКК коммуникациялар арналары арқылы келіп түсуде. Олар салықтық әкімшілендіру мәселесіне қатысты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 18:12 15791
Әсет Ерғалиев ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 16:44 3726
Өңірлерде тұрақтандыру қорларындағы көкөністерді белсенді сату басталды
Достарға айту
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен инфляцияны тұрақтандыру мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Соңғы екі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа баға индексі нөлдік деңгейде сақталып отыр. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, қияр (-2,5%), балық (-1,4%), алма (-0,5%), ұсақталған ет (-0,3%), қарақұмық пен сиыр еті (-0,2%), қатты ірімшік пен жұмыртқа (-0,1%) бағалары төмендегені тіркелді. Қызанақ, сүт, тауық еті, сүйекті сиыр еті және нан бағалары тұрақты. Сонымен қатар көкөніс-жеміс өнімдерінің бағасы маусымаралық кезеңге байланысты өсіп келе жатқаны байқалады.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында ақпан айынан бастап тұрақтандыру қорларындағы көкөністердің белсенді түрде сату басталды. Бүгінгі күнге дейін аймақтардағы сауда орындарына қолжетімді бағамен 57 мың тоннадан астам көкөніс жеткізілді. Ақпан айында нарыққа қосымша шамамен 80 мың тонна картоп, 11 мың тонна пияз, 27 мың тонна сәбіз және 19 мың тонна қырыққабат шығару жоспарлануда.
Жиын барысында майлы өнімдер, атап айтқанда күнбағыс майының бағасын тұрақтандыру мәселесіне де ерекше назар аударылды. Вице-премьер Ауыл шаруашылығы министрлігіне отандық зауыттарда күнбағыс майын өндіру үшін фермерлерді майлы тұқым сатуға ынталандыратын шаралар қабылдауды тапсырды. Бұл шара фермерлерді қолдауға, кәсіпорындардың жұмысын қамтамасыз етуге және ішкі нарыққа май жеткізілімін арттыруға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері 72 аймақтық комиссия отырысы өтіп, сауда үстемесін қолдану тәртібін бұзудың 128 фактісі анықталған. Сауда саласында мемлекеттік бақылауға 218 бизнес субъектісі қамтылған, жалпы салынған айыппұл сомасы 3,7 млн теңгені құраған. Серік Жұманғарин формалды түрде өтіп, сауда үстемесін шектеу бойынша ешқандай нәтиже бермеген Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Атырау, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Павлодар облыстарындағы аймақтық комиссиялардың жұмысын сынға алды.
Жиын қорытындысы бойынша вице-премьер жергілікті деңгейде жеке жауапкершілікті қамтамасыз ету қажеттігін атап өтіп, баға өсімін болдырмау, заңсыз баға өсуін тоқтату және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша практикалық жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 13:43 5146
Жаңа Конституция жобасы - болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясы мүшелері, мемлекеттік органдар басшылығы, бірқатар облыс әкімдері және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Президенттің экономика салаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ғылым мен нақты сектор кооперациясын нығайту, сондай-ақ ғалымдарды қолдау шаралары талқыланды.
Жиынды ашқан Премьер-министр жаңа Конституция жобасын ашық әрі нақты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Құжатта қоғамда болып жатқан жоспарлы саяси және экономикалық өзгерістер көрсетіліп, ел дамуының жаңа бағдарлары, оның ішінде білім, ғылым және инновация саласындағы басымдықтар белгіленгені атап өтілді.
Ата Заңның жаңа жобасы - болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат. Онда адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Біз Конституция жобасында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Заң мен тәртіп" жаппай үстемдік құрған, "Әділетті әрі таза Қазақстанды құру" идеясы халықтың кең қолдауына ие болғанын көріп отырмыз. Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясы басты орынға қойылады. "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" тұжырымдамасы саяси жүйенің тұрақтылығы мен сабақтастығын орнықтыра түседі", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Жаһандық деңгейдегі өзгерістер мен жоғары технологияның қарқынды дамуы және "орта державалар" рөлінің артуы жағдайында конституциялық реформаның заман талабына сай уақтылы жасалған қадам екені баса айтылды.
Талқылау барысында ғылыми ортаның өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдап пікір білдірді. Ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде шоғырлантыру жөніндегі бастамалар ерекше атап өтілді.
Жаңа Конституция жобасы адам құқығы мен бостандығын мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітіп қана қоймай, Қазақстанның ұзақмерзімді ғылыми-технологиялық дамуының негізі саналады", - деп атап өтті Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.
Бүгінгі таңда медицина ғылымының дамуы - ғылыми прогресс қана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік пен орнықты денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың негізгі факторы. Конституцияның жаңа жобасында ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде қарастыру аса маңызды екені сөзсіз. Бұл ғылыми білім мен зерттеулердің және ғылыми кадрлардың еліміздің қосалқы емес, тікелей стратегиялық ресурсы екенін мойындауды білдіреді", - деді академик Вячеслав Локшин "өмір және денсаулық туралы ғылым" бағытын стратегиялық деңгейге шығару қажеттілігін атап өтіп.
Осыған байланысты жасанды интеллект және үлкен деректер базасында шешімдерді енгізу, цифрлық диагностика мен телемедицинаны дамыту, медицина ғылымының кадрлық әлеуетін нығайту мәселелері де күн тәртібінде өзекті бола түсті.
***
Жиынға қатысушылар ғылымның экономикаға қосатын үлесін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Бүгінгі таңда мемлекет қажетті жағдайлар жасау және бизнес тарапынан инвестиция салуды ынталандыру үшін жүйелі шаралар қабылдауда. Ғылыми әзірлемелерді қаржыландыруға жұмсалатын шығыстардың 300%-на дейін салықтық жеңілдіктер енгізілген. Бюджет кодексінде жер қойнауын пайдаланушылардың өндіруге жұмсайтын шығыстарының 1%-ын орталықтандырылған түрде бюджеттік бағдарлама арқылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) аудару міндеті бекітілген. Үш жыл ішінде республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру көлемі 3,5 есеге ұлғайып, 2026 жылы 214 млрд теңгені құрады. Президент 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті ЖІӨ-нің 1%-на дейін жеткізу міндетін қойды.
Жалпы алғанда, отандық ғылымның тиімділігін, оның инвестициялық тартымдылығын, барлық процестердің айқындылығы мен ашықтығын арттыру бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізілуде. Академия еліміздің стратегиялық дамуына қолдау көрсететін негізгі зияткерлік орталыққа айналуы қажет. Дәл осы жерде экономиканы дамытудың ғылыми негізделген болжамдары жасалып, әлемдік инновациялық орталықтармен берік ғылыми байланыстар нығайтылуға тиіс", - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев экономикаға ғылыми әзірлемелерді енгізуді жеделдетуге бағытталған шараларды ұсынды. Академия форсайтты жоспарлаудың тұрақты құралына айналдырғаны атап өтілді: мемлекеттік органдардың, ғылым мен бизнестің қатысуымен 70 өңірлік және салалық сессиялар өткізілді, 220 перспективалық міндеттер қалыптастырылды және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін 65 ғылыми-техникалық тапсырмалар дайындалды. Бұдан басқа, жаңа төрт деңгейлі теңдестірілген басымдықтар жүйесіне көшу және оны Жоғары ғылыми-техникалық комиссия алаңында бекітіп алу ұсынылды. Бұл шешім стратегиялық міндеттерді шешуге және іргелі ғылымды қолдауға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңестердің маңыздылығы атап өтілді, олар жергілікті жерлерде ғылыми-инновациялық дамуды басқарудың пәрменді тетігі болуға тиіс.
Салалық мемлекеттік органдардың өкілдері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың іс жүзіндегі нәтижелері туралы баяндама жасады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев тау-кен металлургия кешені бойынша соңғы бес жылда сала кәсіпорындары шамамен 150 млрд теңге инвестициялап, 1,5 мыңнан астам жобаны жүзеге асырғанын атап өтті. Әзірлемелерді енгізу тікелей экономикалық тиімділікті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруды қамтамасыз етеді.
Агроөнеркәсіп кешені саласында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және отандық әзірлемелерді енгізу нәтижелері ұсынылды. Мәселен, мемлекеттік тізілімде Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес ұйымдары әзірлеген отандық селекцияның 743 сорты мен гибриді тіркелген. Егіс алқаптарының шамамен 60%-ына қазақстандық тұқымдар егіледі. Соңғы екі жылда өңдеу саласында нарыққа өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі шығарылды.
Сондай-ақ өңірлердің ғылыми-инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі ұсыныстары тыңдалды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жоғары оқу орындарында зертханалық базаны дамыту, инновациялық технопаркте жобаларды жүзеге асыру және шетелдік ғалымдарды тарту туралы мәліметтерді ұсынды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сирек кездесетін және аса маңызды материалдарды зерттеуді дамыту, технологиялар трансфертін кеңейту және Horizon Europe аясындағы жобаны қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоспарларды таныстырды.
Сонымен қатар физика-математика ғылымдарының докторы, атом энергетикасы қауіпсіздігі, басқарылатын термоядролық синтез, радиоэкология және радиациялық технологиялар саласы бойынша профессор Эрлан Батырбеков, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев пікір білдірді. 2025 жылғы желтоқсанда Үкімет бекіткен Ғылымды шоғырландыру аумақтарын құрудың және дамыту тұжырымдамасы ғылыми әлеуетті шоғырландыруға, озық технологияларды жедел енгізуге және ғылыми кадрларды даярлауға жағдай жасайтыны атап өтілді. Кремний саласын дамыту мәселелеріне, соның ішінде кремнийді зерттеу саласындағы іргелі зерттеулерге және еліміздің технологиялық дамуы үшін маңыздылығын көрсете отырып, бейінді зауыттар салуға назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді.
- Ғылым және жоғары білім министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2026 жылғы 1 наурызға дейін Ғылым академиясының ғылыми технологиялық дамудың басымдықтарын айқындаудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын қарасын.
- Салалық мемлекеттік органдар 2026 жылғы 1 наурызға дейін салалардың технологиялық және өндірістік міндеттерін шешу мен қолданбалы ғылыми әзірлемелерді енгізу жөніндегі жол карталарын бекітсін.
- Өңір әкімдері өңірлік ғылыми-технологиялық кеңестерге жеке басшылық жасап, қалыптастырсын. Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өңірлік мамандану және форсайттық зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, ғылыми-техникалық тапсырмаларды бекітсін.
- Ұлттық ғылым академиясы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін Ғылыми-технологиялық форсайт орталығын құруды және тиісті зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етсін.
- Су ресурстары және ирригация министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп, 2026 жылғы 1 мамырға дейін су ресурстарын басқару үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі жобаны іске қосуды қамтамасыз етсін. Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанның су-энергетикалық ресурстарының картасын дайындасын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 12:41 5326
Олжас Бектенов жаңа Конституция жобасын талқылау аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру бойынша кеңес өткізді
Достарға айту
Премьер-министр Олжас Бектенов ҚР жаңа Конституциясы жобасын халыққа түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Жиынға Үкімет мүшелері мен өңір әкімдері қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр барлық деңгейдегі министрліктер мен әкімдіктерге жаңа Конституция жобасын халыққа жан-жақты түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Жалған әрі бұрмаланған ақпараттармен күресуге баса назар аударылды. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде шындыққа жанаспайтын арандатушылық сипаттағы жарияланымдар тіркелуде. Ішкі істер министрлігіне "Заң мен тәртіп" қағидатына сәйкес, жалған мәліметтерді таратқаны үшін қатаң құқықтық әрекет және жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету тапсырылды.
Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға жүктелді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
02.02.2026, 11:55 2966
Алматының Түрксіб ауданына әкім тағайындалды
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Алматы қаласы мәслихатының сессиясында кадрлық мәселе қаралды. Президент Әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімі Түрксіб ауданының әкімі қызметіне Дамир Әкежановтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Кандидатты таныстырған Дархан Сатыбалды оның кәсіби тәжірибесіне және қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетініне тоқталды.
Дамир Әкежановтың мемлекеттік басқару жүйесінде тәжірибесі мол, қаланың өзекті түйткілдерін жақсы біледі және мен жүктеген міндеттерді орындауға қажетті кәсіби даярлығы бар", - деді қала басшысы.
Талқылау қорытындысы бойынша мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Алматы қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымын атқарған.
Мемлекеттік қызметтегі жалпы еңбек өтілі 16 жылдан асады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
04.02.2026, 16:33Әл-Фарабидің рухани мұрасы Исламдық білім, ғылым және мәдениет ұйымында ұсынылды 04.02.2026, 12:07 26761Қазақстан мен Гуандун провинциясы аймақаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды нығайтуда04.02.2026, 13:24 26421Қазақстан мен Льеж: өнеркәсіп, логистика және инновациялар өңірлік диалогтың өзегінде04.02.2026, 15:44 26421Словенияда классикалық музыка кеші салтанатты түрде өтті04.02.2026, 14:28 26271Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі АҚШ Конгресінің негізгі мүшелерімен кездесті
29.01.2026, 21:55 149341Алматы әуежайының инвестициялық жоспарларын іске асыру мәселелері Қазақстан СІМ-де қаралды30.01.2026, 22:28 139491Мемлекет басшысына Конституциялық комиссия жұмысының нәтижелері жөнінде ақпарат берілді30.01.2026, 22:19 138336Қазақстанның Сыртқы істер министрі Грузияның Елшісімен кездесті30.01.2026, 21:16 138161Афина энергетикалық саммитінде Қазақстанның энергетикалық басымдықтары мен реформалары таныстырылды30.01.2026, 20:12 137991Қазанда қазақ ұлттық-мәдени автономиясының дамуы мен 2026 жылға арналған жоспарлар талқыланды
21.01.2026, 10:52 216776Қазақстанда заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі регламенттеледі21.01.2026, 11:19 216696Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнама жетілдірілуде14.01.2026, 18:06 216011Kundelik төңірегіндегі дау: Алматы мектептері жаңа платформада жұмысын жалғастырып жатыр21.01.2026, 09:49 2153312025 жылы қазақстандықтарға 806 млрд теңгеден астам сомада бала тууына және бала күтіміне байланысты жәрдемақылар төленді14.01.2026, 12:28 214626Kundelik vs. BilimClass: Алматы мектептерінде электронды күнделік қалай ауысты

