10.10.2022, 14:41 11931

Қазақстан ауылдарындағы медициналық жабдықтардың жартысынан астамы тозған

20 қазаннан бастап еліміздің ауылдарында профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі.
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің медициналық инфрақұрылымының тозуы 50%-дан асады. Бұл туралы Мәжілістегі Үкіметтік сағат барысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният баяндады.
 
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, екі жүзден астам елді мекенде медициналық мекеме жоқ, төрт жүзге жуық ауылда медициналық мекемелер жалдамалы, апатты ғимараттарда орналасқан.
 
Ажар Ғиният ауылдағы денсаулық сақтау саласында бірқатар проблемалық мәселелерді шешу қажет екенін атап өтті. Динамикалық бақылау сапасының төмендігі, консультациялық-диагностикалық қызметтердің қолжетімділігінің жеткіліксіздігі байқалады.
 

Сонымен қатар, созылмалы аурулары бар пациенттерді қымбат дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету ауыл тұрғындарының арасында қала тұрғындарына қарағанда 2 есе аз. Бірқатар ауылдарда дәріхана пункттері жоқ", - деді А.Ғиният.

 
Бұдан басқа, ауылдағы кадрлармен қамтамасыз етуді талдау 1 700-ден астам медицина қызметкерінің, оның ішінде 1000-нан астам дәрігердің (734 мейіргер) тапшылығын көрсетеді.
 
Сонымен қатар, Ажар Ғиният 20 қазаннан бастап еліміздің ауылдарында профилактикалық медициналық тексерулер жүргізілетінін хабарлады.
 

15 қыркүйектен бастап Қарағанды облысы Абай ауданының, Ақмола облысы Аршалы ауданының және Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының орталық аудандық ауруханаларында пилоттық жоба жүргізілуде. 20 қазаннан бастап ауылдарда профилактикалық қарап-тексерулер бүкіл ел бойынша жүргізілетін болады", - деді Ажар Ғиният.

 
Профилактикалық қарап-тексерулер жүрек-тамыр жүйесі ауруларының, қант диабетінің, асқазан мен бүйректің созылмалы ауруларының ерте кезеңдерін анықтауға бағытталған.
 
Бұл ретте ол асқазан-ішек жолдарының ауруларын, 18 жастан бастап 70 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы адамдарға арналған несеп-жыныс жүйесін, 50 жастан асқан адамдарға арналған тыныс алу ағзаларының аурулары мен қуық асты безінің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша қызметтер кеңейтілгенін айтты.
 
Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі балалар үшін 1 жас, 3 жас, 6 жас және 14 жас аралығындағы зертханалық зерттеулердің қосымша жалпы клиникалық әдістері енгізілді.
 
Бұған дейін министр ҚР ауылдарында сәбилер өлімінің үштен біріне өскенін айтқан болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны