10.10.2022, 14:35 13386

Қазақстан ауылдарында сәбилер өлімі өсті - Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ауылдағы балалар өлімі қаламен салыстырғанда 38,7%-ға төмен екенін атап өтті.
Қазақстан ауылдарында сәбилер өлімі өсті - Денсаулық сақтау министрлігі
Сурет: pixabay.com
Астана. 10 қазан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан ауылдарында сәбилер өлімі өсті. Бұл туралы мәжілістегі үкіметтік сағат кезінде Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.
 
Денсаулық сақтау министрлігі талдау жүргізіп, ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы қалалықтарға қарағанда жоғары екенін анықтаған.
 

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы – 70,23 жыл, қалаларда – 69,91 жыл, ауылдарда – 70,79 жыл. Алайда биылғы жылы ауылдық жерлерде сәбилер өлімі өткен жылмен салыстырғанда 30,6%-ға артты", - деді министр.

 
Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ауылдағы балалар өлімі қаламен салыстырғанда 38,7%-ға төмен екенін атап өтті. Ажар Ғиният нәресте өлімі әйелдердің денсаулығына тікелей байланысты екенін түсіндірді.
 
Оның айтуынша, әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту үшін жүкті әйелдердің жеке және пәнаралық босанғанға дейінгі бақылаулармен қамтылуы ұлғайды, бұл көрсеткіш 82%-ды құрады. Жүктілікті ерте анықтау коэффициенті 11%-ға артып, 40%-ға жетті. Бұл жүктіліктің ықтимал асқынуларын уақытылы анықтауға және болжауға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ана өлімінің ең жоғары көрсеткіштері Павлодар, Қарағанды, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалады.
 
Ақпарат көзі: stan.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны