14.10.2021, 19:56 38090

Қазақстан Каспийдің биоалуантүрлілігін сақтау туралы хаттамаға қосылады

НҰР-СҰЛТАН. 14 ҚАЗАН - Парламент Сенатының депутаттары Каспий теңізінің биологиялық алуандығын сақтау туралы хаттаманы ратификациялады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Бұл Хаттама жануарлардың қорғалатын түрлеріне және олардың мекен ететін ортасына кері әсерін тигізетін іс-әрекеттерді реттеуге мүмкіндік береді. Хаттаманы ратификациялаған елдер қалдықтар мен өзге де заттарды көмуге немесе орналастыруға тыйым салуды енгізуге, сондай-ақ құрылыс немесе іздестіру жұмыстарына байланысты кез келген қызметті реттеуге бағытталған басқа да табиғатты қорғау шараларын қабылдауға мүмкіндік алады.
 

Каспий теңізінің биологиялық алуандығы мен экожүйесін сақтау еліміз үшін стратегиялық мәселелердің бірі. Осы ретте бүгін қабылданған заңның маңызы зор. Сондықтан бұл құжат теңіз жағалауындағы бес мемлекеттің осы бағыттағы ынтымақтастығын күшейтіп, Каспийдің экожүйесін сақтауға өз үлесін қосады деп сенеміз", – деді Мәулен Әшімбаев.

 
Заң жобасын таныстыра отырып, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Каспий маңы мемлекеттері мынадай бірқатар шаралар қабылдағанын айтты: қорғалатын түрлер мен олардың мекендеу орындарына теріс әсер ететін қызметті реттеу; қорғалатын флора мен фаунаның түрлерін, олардың бөліктерін, сондай-ақ дериваттарды әдейі және кездейсоқ аулауға, союға, тасымалдауға және коммерциялық мақсаттарда пайдалануға тыйым салуды бақылау және қажет болған жағдайда енгізу; бақылау және қажет болған жағдайда, әсіресе көбею, инкубация, ұйықтау немесе көші-қон кезеңінде, сондай-ақ биологиялық стресстің басқа кезеңдерінде фаунаның бұзылуына әкелетін қызметке тыйым салу.
 
Әрбір тарап, осы хаттаманың мақсаттары үшін, басқа тараптар қарсылық білдірмесе, жойылып кету қаупі төнген жануарлардың мекендеу ортасын қорғау мақсатында теңіз ортасы мен жағалау аумағындағы қорғалатын аймақтарды белгілей алады; өсімдіктер мен фаунаның жойылып бара жатқан немесе эндемикалық түрлерінің тіршілігі, көбеюі мен қалпына келуі үшін өмірлік маңызы бар мекендер; ғылыми, эстетикалық, мәдени немесе тәрбиелік мәніне байланысты ерекше маңызы бар объектілерді қорғау.
 
Тараптар сондай-ақ қажетті табиғат қорғау шараларын, оның ішінде: экожүйенің тұтастығына тікелей немесе жанама түрде зиян келтіруі мүмкін қалдықтар мен өзге де заттарды көмуге немесе орналастыруға тыйым салуды енгізу; осы ауданға интродукциялау мен реинтродукциялауды реттеу; құрылыс немесе іздестіру жұмыстарына байланысты кез келген қызметті реттеу; балық аулауды, аң аулауды, жануарларды аулауды, өсімдіктер жинауды немесе оларды жоюды реттеу шараларын қабылдайды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны