01.10.2021, 18:14 35821

Қазақстан мен Ресей шекара арқылы өткізу пункттерін бірлесіп қайта құруды жоспарлап отыр

Бұл екі ел арасындағы туристік ағынның көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
НҰР-СҰЛТАН. 1 ҚАЗАН - Қазақстан мен Ресей шекара арқылы өткізу пункттерін бірлесіп қайта құруды жоспарлап отыр, бұл екі ел арасындағы туристік ағынның көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары Марат Хуснуллиннің басшылығымен РФ үкіметтік делегациясы екі күндік жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келді. Сапардың бірінші күні Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярмен кездесу өтті, онда жол саласындағы бірлескен жобалар, өткізу пункттерін қайта жаңарту, Қазақстан мен Ресейдің құрылыс нормаларын біріздендіру мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
 

Атап айтқанда, тараптар жол инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылап, олардың өткізу қабілеттілігін, жүк тасымалы көлемі мен әлеуметтік-экономикалық әсерін болжауға мүмкіндік беретін автомобиль жолдарының құрылысы бойынша жұмыстарды синхрондауға дайын екендіктерін білдірді. Өз кезегінде шекаралық өткізу бекеттерін бірлесіп қайта құру жоспарлары олардың жүктемесінің ұлғаюымен және екі ел арасындағы туристік ағынның көлемін ұлғайту мүмкіндіктерімен байланысты", - делінген ҚР Үкіметінің хабарламасында.

 
Қабылданған шешімдер мүдделі мемлекеттік органдардың жедел және үйлестірілген жұмысына, екі мемлекет азаматтарының мүдделеріне бағытталған практикалық нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етеді.
 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны